Әблязов «командасы» кімнің қолшақпары?

572

Adym.kz. Қашқын экс-министр және экс-банкир Мұхтар Әблязов Қазақстандағы жағдайды ушықтыруға байланысты әрекеттерін тоқтатар емес. Оның осы жолда ештеңеден аянып қалмасы белгілі. Бірақ оның әр кезде айтқандарын орындағандардың өздері үлкен мәселелерге душар болып отыр. Мәселен, М.Әблязовтың айдап салуымен, Жаңаөзен мұнайшыларының құқықтарын қорғаған болып, қоғамдық тәртіптің бұзылуын көздеген В.Козлов қазіргі таңда бас бостандығынан айыру мекемесінде жазасын өтеуде. Ал М.Әблязов болса, оған ешқандай қолдау көрсетпей отыр, өйткені ол адамдарды уақытша ғана пайдалануға дағдыланып қалған.
Өкінішке орай, КПК жетекшісі – Г.Алдамжаров, «Алға» партиясының азшылық бөлігі жетекшілерінің бірі – М.Жанұзақов, М.Әблязовтың нұсқауларын орындау барысында бұл туралы ойланбайды. М.Әблязов идеясымен жалпыреспубликалық референдумды ұйымдастырған Б.Әбілов те ол жөнінде ойланбайтындай сыңай танытады. Ал бұл уақытта қашқын олигархтың жұмыс жасау әдістері мен амал-айлалары мүлдем өзгермеген. Мысалы үшін, 16 наурыз күні Алматы қаласында Қазақстанның барлық тарапынан келген оппозиция өкілдерінің жиыны өтті. Қатысушыларға жол және қонақ үй шығындарының өтелетіні туралы айтылғанымен адамдар, жиналыстың баяғыда болып кеткеніне қарамастан ешқандай төлем алмаған. Кейбіреулерін тіпті қонақүйлерден шығарып жіберген. Дәл осындай түрде 27 сәуір күні коммуналдық қызмет тарифтерінің көтерілуіне байланысты акция болып өтті.
Өз уақытында Энергетика министрі лауазымын асыра пайдаланғаны үшін сотталған Әблязов Мемлекет басшысы тарапанын рақымшылыққа іліксе де, түзелмейтінін көрсетіп берді. БТА Банк басшысы болған кезінде салымшылардың ақшаларын жымқырған ол Қазақстан, Ресей, Ұлыбритания елдері тарапынан қудалануда.
Қай кезде болмасын Әблязов тобына қатысы болғандар бүгінде абақтыға қамалып, ұсталмағандары әділ соттан бой тасалауда. Жақында Чехияның Жоғарғы судьясы Ресей азаматшасы Татьяна Параскевичті БТА Банкінен 5 миллиард долларды жымқыруға қатысы болды деген айыппен Украинаға экстрадициялау жөнінде үкім шығарды. Сәуір айының соңында Испания жерінде Мұхтар Әблязовтың тағы бір «сенімді адамы» Александр Павлов қолға түсті. Ол БТА Банкінің экс-жетекшісімен бірге үлкен көлемде қаржы жымқырып қана қоймай, Қазақстан Бас прокуратурасының хабарлауынша, Алматы қаласындағы «Айя» ойын-сауық орталығында ұйымдастырылмақ болған, кейіннен қазақстандық арнайы қызмет өкілдерінің алдын алумен тоқтатылған лаңкестік әрекеттің ұйымдастырушыларының бірі болған.
М.Әблязов өзін біршама уақыт бойы батыс қоғамына саяси қуғынның құрбаны, қиналушы есебінде көрсетіп бақты. Бірақ Батыста да бұл адамның кім екеніне, істері қандай екеніне лайықты баға берілуде.
Бұл орайда айта кетерлік жағдай, қазақстандық оппозицияның жобалары шетелдерде жасалып жатқан жоқ, оппозицияға қолдау білдіруші және ұйымдастырушылары – ресейлік ұлттық неофашистік ұйымдардың жетекшілері болып табылады. Бұл дегеніңіз олардың мемлекет пен қоғамға кез келген мақсатпен қарсы тұру бағытын көрсетеді.