Қашқындар үшін «Отан» деген ұғымнан жеке басы маңыздырақ

620

Үлкен ақша – әрдайым үлкен мүмкіндік. Ал қашқын олигарх Мұхтар Әблязовта ақша жетіп артылады. Өйткені ол БТА банкіне басшылық жасаған жылдары жалған компаниялар арқылы 7 миллиард доллардан астам банк қаржысын оффшорлық аумақтарға аударып, заңсыз қалтасына басқан болатын. Яғни, өз халқының маңдай термен тапқан ақшасын осылайша жымқырды. Енді осы ұрланған қаржының көмегімен Әблязов Қазақстандағы саяси тұрақтылықты шайқалтып, оның соңын қанды қырғын мен төңкеріске, азаматтық соғыс пен революцияға ұластыруды көздеп отыр.
Шетелде бас сауғалап, қазақстандық соттан қашып жүрген Әблязовтың көздегені елдің татулығы емес, керісінше араздығы. Алаяқ банкир тек жеке бас пайдасы үшін дүйім жұртты соғысқа, қиратуға, аштыққа әкеліп соқтырудан тайынар емес. Қазіргі үкіметті тағынан тайдырмақшы. Сәті түссе, ел билігін өз қолына алуды, олай болмаған күннің өзінде де лайықты бәсекелестерге тұзақ құруды көксейді. Халықтың жағдайы, әлеуметтік ахуалы, елдің тәуелсіздігі мен тұтастығын сақтап қалу мәселелері оны толғандырмайды.
Францияның «Liberаtion» басылымына берген сұхбатында Әблязов Қырғызстандағы «қызғалдақ» төңкерісін қаржыландырғаны туралы мәлімдеме жасады: «2005 жылдың басында мен Қырғызстан режимінің құлауына септесу үшін ондағы оппозицияны қаржыландырдым. Бұл мен үшін маңызды болды, себебі посткеңестік елдердің бірінде демократиялық процесс басталды және одан соң оң реформалар жүргізіле бастады» деген Әблязов.
Демократиялық процестің астарында Әблязов кез келген теріс әрекетін дұрысқа шығаратын және оның жолында сол елдің азаматтарын әшейін құрал ретінде пайдалануға болатын хаос, яғни аласапыран орнатуды меңзейді.
Алайда оның барлық жоспары іске аспай қалды. Әблязов пен оның сыбайластарына қатысты бірнеше елде, оның үшеуі Ресей, Украина және Қазақстанда қылмыстық іс қозғалды. Осы үш ел әлі күнге дейін қашқын банкирді қайтаруды талап етіп отыр. Мейлі, ол тіпті Қазақстанның нағыз демократиялық ұрысы болса да, ұры түрмеде отыруы тиіс.
Бір кездегі құрметті азаматтың, талантты қаржыгердің бүгінде кәдуілгі алаяққа айналғанын әлемде орасан зор беделге ие билікті ағылшын сотының сотқа құрмет көрсетпегені және соттан айла-сын асыруды көздегені үшін Әблязовтың әрекеттерін нағыз алаяқтық деп танып, 22 ай түрме жазасына кескені растайды.
Сондықтан Қазақстан тарапының Әблязовтың қазақстандық және ресейлік банктердің иесі және бас менеджері ретінде өз жобаларын салымшылардың есебінен қаржыландырып, шамамен 7 миллиард доллар иемденгені туралы айыптауларының ойдан шығарылғанына сену қиын. Оған қоса Ресей билігі Әблязовты 5 миллиард долларды жымқырды деп айыптайды.
Соған қарамастан, Әблязов Францияда бой тасалап жүр, 2017 жылдың маусым айында Әблязовке қатысты қылмыстық істерді қараған Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық соты экс банкирді қылмыстық қоғамдастық құрды және БТА банкінің қаржысын жымқырды деп танып, 20 жылға бас бостандығынан айыру және жеке мүлкін тәркілеу туралы сырттай үкім шығарды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ұлттық бюроның мәлімдеуінше, келтірілген шығынның мөлшері 7,5 миллиард доллардан асып жығылады.
Осыдан кейін Әблязовтың не себепті «халық пен әділеттіліктің жанашыры» бола қалғанын түсіну қиын емес. Өзін оппозиционер ретінде көрсетіп және қылмыстық әрекеттерін саяси реңк бере отырып, Қазақстанмен тұтқындарды экстрадициялау туралы келісімге қол қойылмаған Франция елінде бой тасалай тұруға аздаған мүмкіндік алды. Өзін саясаткер және оппозиционер санайтын Әблязов шетелде тұруға тырысады, сөйте тұра елге деген зор сүйіспеншілігін көрсеткісі келеді.
Қазіргі таңда түрмеден бостандыққа шыққан Әблязов Қазақстанда Ресейдегі Навальный ұйымдастырғандай митингтер ұйымдастыруды және сот тәртібімен Қазақстан аумағында қызметіне тыйым салынған «Қазақстанның демократиялық таңдауы» (ҚДТ) экстремистік ұйымын қайта жандандыруды көздейді.
Әблязов аталмыш митингтер өткізуге тақырыптардың жеткілікті екенін айтады. Оған қарамастан өзінің үнпарақтарында әлеуметтік мәселелерді коммуналдық сұрақтармен шатастырып, қанағат-танарлықсыз білім, сыбайлас жемқорлық, нашар жолдар және т.б. сияқты абстрактілі мәселелерді санамалайды. Әлбетте, таңдау өте өзекті мәселелерге түскен. Өйткені аталмыш мәселелер әлемнің барлық елінде бірдей өзектілігін жоймай отыр.
Мейлі, Әблязов тамаша бизнесмен және өз ісінің білгір маманы болсын. Бірақ ол жалғыз емес! Оның тобында ондайлардың екі-үш ондығы да жиналмайды. «Қазақстанның демократиялық таңдауының» (ҚДТ) бүкіл экономиканың жүйелі талдауын және медицина, білім, ғылым саласындағы нақты ахуалды білмей, жалған утопиялық реформаларды ұсынып, мемлекеттік төңкеріс жасауға шақыру себебін түсіну қиын!
Қазақстанның демократиялық ұрысының жеке бастың арам пиғылын іске асыруға бағытталған «Қазақстанның демократиялық таңдауының» барлық идеологиясы, міне, осы.