Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаменті, ОҚО «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы және Созақ әкімдігі бірлесіп мәдениет сарайында мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесін өткізді, деп хабарлайды Adym.kz ақпарат агенттігі.
Жәрмеңкенің мақсаты – жұртшылыққа мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді ақпараттандыру, оның ішінде электронды түрде көрсетілетін қызметтерді кеңінен насихаттау, мемлекеттік орган өкілдері тарапынан салалық кеңес беру. Іс-шараға ауданның барлық мемлекеттік қызмет көрсететін мекемелерінің жауапты мамандары тартылды.
Жәрмеңкені департамент басшысы Ғ.Тұрсынбаев ашып, өз сөзінде — мемлекеттік қызметтерді электронды түрде жүргізуге көшіру өзектілігін атап өтті. Жәрмеңке барысында халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді алу тәртібі түсіндіріліп, мемлекеттік қызметтерді алу бойынша ақпараттық-әдістемелік көмек көрсетілді. Тиімді өткен іс-шара барысында өмірге енді келген сәбиге тууы туралы куәлік тапсырылды.