Түймебаев Сарыағаштағы томографиялық орталықтың ашылуына қатысты

32

Түркістан облысының әкімі Жансейіт Қансейітұлы Түймебаев Сарыағаш ауданына барған сапарында жаңадан орнатылған томографиялық орталықтың ашылу салтанатына қатысты, деп хабарлайды Adym.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысының әкімдігі баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Елбасының қолдауыменТүркістан облысы, Сарыағаш ауданында томографиялық орталық ашылды. Өңір басшысы Ж.Түймебаев Сарыағаш аудандық орталық ауруханаға ат басын тіреп, томография орталығын саланатты түрде ашып берді. Жаңадан орнатылған компьютерлік томографияның жұмысымен танысқан облыс басшысы мекеме қызметкерлерін ашылу салтанатымен құттықтады.
Сонымен қатар, аурухана ұжымының алдағы қызметтеріне сәттілік тіледі. Бұл игі бастамаларға Елбасының мұрындық болып, медицина саласына қолдау танытып жатқандығын тілге тиек етті. Сондай-ақ, Шара барысында сарыағаштық медицина қызметкерлеріне 3 автокөліктің кілтін сыйға тартты. Енді мамандар үшін тұрғындардың денсаулығын қадағалап, бас мидың қан айналымдары ауруларын, ісік және ішкі құрылыстағы ауытқулар мен сүйек жарақаттарын анықтау оңайға түсетін болады.