Түркістан облысының әкімі Келес ауданындағы ауылшаруашылық нысандарын аралап көрді

2-қазан күні Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев жұмыс сапарымен Келес ауданында болды, деп хабарлайды Adym.kz ақпарат агенттігі аудан әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Келес ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Облыс әкімі Абай ауылындағы жаңадан салынып жатқан «Келес» спорт кешенімен танысты. Онда қазіргі таңда спорт кешені құрылысы үшін 1 гектар аумақ қаралып, өз қаражаты есебінен кәсіпкер Ғалымжан Мырзабаев ауданда теңдесі жоқ спорт кешінін салуды жоспарлап отыр.
Облыс әкімі бастаған сапар Қошқарата ауылдық округі, Бесқұбыр елді мекені, «Өктемхан» шаруа қожалығының жылыжай жұмысымен танысумен жалғасын тапты. «Өктемхан» шаруа қожалығы кәсіпкер Қалыбаев Тұрсынбайдың өз қаражаты есебінен 2014 жылы құрылған. Шығаратын өнім түрі — көкөніс (қияр), өнім көлемі жылына — 120 тонна. 5 адамды жұмыспен қамтып отырған жобаның жалпы құны 22,0 млн. теңгені құрайды. Жер көлемі 6,0 га. Оның ішінде жылыжай көлемі 0,65 га құрайды. Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев жұмыс сапарымен Келес ауданынан соң Сарыағаш ауданына іс-сапармен аттанды.