Сарыағаш ауданында мүгедектерге әлеуметтік көмек көрсетілді

34

Сарыағаш ауданында мүгедектер күніне орай аудан әкімі үмкіндігі шектеулі жандарға әлеуметтік көмек көрсетті, деп хабарлайды Adym.kz ақпарат агенттігі.
1992 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы шешімімен 3 желтоқсан халықаралық мүгедектер күні болып белгіленді. Ал, Қазақстанда мүгедектер күні жыл сайын қазан айының екінші жексенбісінде аталып өтіледі. Кез келген мемлекеттің құндылығы мен ізгілігі балалар мен қарттарға, мүгедектерге деген қарым-қатынасымен айқындалады.
Мүгедектердің халықаралық күні — тумысынан өмірдің азабын тартқан жандарға тағы бір көз қырымызды салып, жанына жебеу болуға мүмкіндік жасайды. Алда келе жатқан мүгедектер күніне орай, қамқорлыққа мұқтаж мүгедектер үшін дастархан жайылып, сауықтыру орындарына жолдамалар мен қол арбалар таратылды.
Бас қосуда аудан әкімі Қайрат Абдуалиев ауданның әрбір азаматы біздің назарымызда, оларға әлеуметтік қолдау көрсету бағытындағы жұмыстарды жылдан жылға жақсарту үшін жұмыс жасайтынын жеткізді. Іс-шарада мерекелік концерттік бағдарламалар қойылды. Мерекелік дастархан ақсақалдардың ақ батасымен аяқталды.
— Бүгінгі іс-шарға қолғабыс көрсетіп бәріміздің басымызды қосып кереметтей мейрамханада тамаша дастархан жайып, әрқайсымызға қажетті керек-жарақ тарту еткен аудан әкіміне алғыс. Бүгінгі бас қосу тамаша өтіп жатыр. Елбасымыз әрдайым бізге қолдау білдіріп келеді. Әуелі Алла, сосын Елбасымызға рахмет. Бүгінгі беріп отырған сыйлықтарыңызға көп рахмет, — деді 2-ші топтағы мүгедек Мұхтар ата.