Мемлекет басшысының жұмыс сапары «ПКОП» ЖШС-і Шымкенттік мұнай өңдеу зауытынан басталды. Онда жаңарған зауыттың жұмысымен таныстыдеп хабарлайды Adym.kz ақпарат агенттігі шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Шымкенттік МӨЗ жаңғырту жобасы 2011 жылы Жаңа индустрияландыру бағдарламасы аясында бастауын алған болатын. Жобаның қуаттылығы – жылына 6 млн тонна мұнай өңдеуге жетеді. Инвестиция көлемі — 580 млрд. теңге. Шымкент мұнай өңдеу зауытын жаңғырту және қайта құру жобасы екі кезеңде жүзеге асырылды.
Бірінші кезеңде, компания Кеден одағында қабылданған, К4 және К5 экологиялық класының (аналогы Еуро-4 және Еуро-5) бензин және дизель отынының өндірісін құрды. 15 тамызда жоғары сапалы өнім шығара бастады. Жылына қуаттылығы 2 млн тонна шикізат өндіретін RFCC каталитикалық крекинг қондырғысын орнату жоспарланып, UOP американдық компания технологиясымен жасалынды.
Тікелей айдалатын мазутты қабылдағанға дейін энергия ресурстарын — отын газын, электр энергиясын, салқындатқыш суды, БӨП ауасын, азот және су буындарын тұрақты қабылдау қамтамасыз етілген, энергетикалық жабдықтар, дала аспаптары, технологиялық процесті басқарудың және аварияға қарсы қорғанудың бөлінген жүйесі, мазут циркуляциясы қосылған. 28 қыркүйек күні RFCC кешені іске қосылды. Ол зауыт айналымын ұлғайтып, К-4 және К-5 класты сапалы бензин мен дизель өндіруге мүмкіндік береді.