Бүгін Келес ауданы әкімдігінің мәжіліс залында Түркістан облысы дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ қызметкерлерімен дін саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз етуге арналған «Заң және зайырлы қоғам» атты семинар-кеңесі өтті. Бұл туралы Келес ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған Adym.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.
Семинарға Келес ауданы әкімі аппаратының қызметкерлері, дербес бөлім басшылары, ауыл, ауылдық окуруг әкімдері, мектеп мұғалімдері мен құқық қорғау саласының қызметкерлері қатысты. Семинарды Дінтанушы Медет Халықов жүргізіп отырды. Жиын барысында Қазақстан Республикасының дін саласындағы мемлекеттік саясатының 2017 – 2020 жылдарға арналған тұжырымдамасының мазмұны түсіндірілді. Семинар соңында жиынға қатысқандар тарапынан сұрақтар қойылып, дінтанушы тараптан тиісті жауаптарын алды және жиынға қатысқан барлық қызметкерлерге арнайы сертификаттар табысталды.
Айта кетейік, бұл Тұжырымдама ҚР.Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 28.06.2017 жылғы «Қазақстан Республикасының дін саласындағы мемлекеттік саясатының 2017 – 2020 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекіту туралы» Жарлығымен бекітілген болатын.