Арыс қаласында «Мəдениеттегі сүбелі істің бірі — театр» облыстық семинары өтті

Арыс қаласы, Арыс қалалық мəдениет үйінде Түркістан облыстық мəдениет жəне халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен «Мəдениеттегі сүбелі істің бірі — театр» мəдениет үйлері мен клубтары жанындағы театр мамандарына арналған облыстық семинар-кеңесі өтті, деп хабарлайды Adym.kz ақпарат агенттігі.
Семинарда Бүкілодақтық байқаудың лауреаты, М.Əуезов атындағы ОҚМУ-нің аға оқытушысы Жандарбеков Əбілқайыр, Халықаралық, Республикалық байқаулардың лауреаты, Облыстық əзіл-сықақ жəне сатира театрының көркемдік жетекшісі Айтжанов Мақсат Айтжанұлы, Қазақстан театр қайраткерлерінің мүшесі, М.Əуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің «Мəдени жəне əлеуметтік қызмет» кафедрасының аға оқытушысы Ауесбаев Ерлан Сатыбалдыұлы жəне Арыс қалалық мəдениет үйінің халықтық көркемөнер ұжымы драма үйірмесінің жетекші режиссері Жұмағұлов Əмірхан Бекəділұлы халықтық театрлардың қазіргі таңдағы жұмыс жасау барысы туралы, сонымен қатар болашақтағы жұмыстарына ұсыныстары мен жоспарлары туралы арнайы баяндамаларын оқыды.
Аудан, қалалардан келген 30-ға жуық театр мамандары семинар барысында өздерінің ұсыныстарымен пікірлерін айта отырып жергілікті театр ұжымдары мен драма үйірмелерінің проблемалары мен жетістіктері туралы баян етіп іс-тəжірибе
алмасты. Семинар соңында баяндамашыларға Халық шығармашылығы орталығының арнайы сертификаттары табысталды.