Созақта «Тілдарын» атты аудандық олимпиадасы өтті

Бүгін Созақ ауданында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру, Созақ ауданының құрылғанына 90 жыл толуына және Қазақстан Республикасы халқының тілдері күні мерекесіне орай үш тілді – қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгерген қабілетті қызметкерлерді анықтау және қолдау, тілдік қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру мақсатында “Тілдарын” атты аудандық олимпиадасы болып өтті, деп хабарлайды Adym.kz ақпарат агенттігі.
Байқауға қатысушы үміткерлерге мынадай тапсырмалар берілді. І кезеңде берілген тақырып бойынша үміткерлер тақырыптың мазмұнын толық ашты, ІІ кезең бойынша берілген тапсырмаға сәйкес ағылшын тілінде эссе жазды, ІІІ кезең бойынша берілген мәтінге орыс тілінде ілеспе аударма жасады.
Аталған байқауда өз өнерлерімен ерекшеленген Құрманғазы атындағы жалпы орта мектептің мұғалімі Манабаева Шарапат, Ә.Молдағұлова атындағы жалпы орта мектептің мұғалімі Серікбаева Айжан, Қ.Сәтбаев атындағы жалпы орта мектептің мұғалімі Аламанова Гүлжайнат III дәрежелі дипломмен марапатталды.
Сонымен қатар II дәрежелі дипломды С.Әліұлы атындағы жалпы орта мектептің мұғалімі Жәмбек Нұрлыбек пен А.Иманов атындағы жалпы орта мектептің мұғалімі Теңізбаев Жақсылық иеленді. I дәрежелі диплом Т.Әлімқұлов атындағы №14 мектеп лицей-интернатының ұстазы Жүнісбекова Кәмшатқа табысталса, бас жүлде Л.Бөкенов атындағы жалпы орта мектептің мұғалімі Орымбаева Гүлнұрға бұйырды. Байқауға келген қалған үміткерлердің барлығы арнайы номинациялар мен алғыс хаттарға ие болды.