Келес ауданының Бірлесу ауылдық округінде ауылшаруашылығы өнімдері көптеп өсірілуде

Келес ауданы Бірлесу ауылдық округі. Орталығы Қазақстан ауылы, аудан орталығынан 25 шақырым қашықтықта орналасқан. Ауылдық округіне қарасты 4 елді мекен бар, деп хабарлайды Adym.kz ақпарат агенттігі.
Атап айтқанда, Қазақстан, 28-гвардия, Дихан, Берекелі. Ауылдық округінің шекаралары шығысында Жүзімдік ауылдық округі, оңтүстігінде Өзбекстан Республикасымен, солтүстік және батыс жағынан Актөбе ауылдық округімен шектеседі. Жалпы халық саны — 5144 адамды құрайды. Ауылдық округінің жалпы жер көлемі -3365 га. Егістік жерлер — 1667 га. Одан суармалы жер — 1502 га. Тәліми жерлер — 44 га. Жайылым жерлер- 1230га.
Қазіргі таңда ауылдық округіндегі төрт елді мекенде ішкі табиғи газ кіргізу құрылыс жұмыстары аяқталған, магистралды газ жеткізіп беруші құбырына қосылмаған. 2018 жылдың соңына дейін төрт елді мекенді табиғи газбен қамтамасыз ету жоспарланған.
Қазақстан елді мекенінің тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында ЖСҚ (Жобалық сметалық құжаттары) жасалып мемлекеттік сараптамадан өтуде.
28-гвардия, Дихан елді мекендерінің оңтайланған жобасы жасалынып жер шаруашылығы жоспарын жасатуға ұсыныс берілген. Берекелі елді мекенінің оңтайланған жобасы дайындалуда. Қазақстан елді мекенінің оңтайланған жобасы алдағы уақытта жасалынады.
Бірлесу ауылдық округі аумағындағы елді мекендерде табиғи газ және ауыз су құрылыстары аяқталған соң елді мекендердегі ішкі көшелердің жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады.