Түркістан облыстық отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен басқарма басшысының орынбасары М.Сәдібектің төрағалығымен кәмелетке толмағандар мен жастар арасында құқық бұзушылық пен қылмыстық алдын-алу бойынша және отбасындағы ата-ананың ролі жайында 2018 жылдың 20 қыркүйегінде Бәйдібек ауданында орналасқан білім беру мекемелерінің 500-ге жуық оқушы-студенттерінің және мектептердегі тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, педагог психологтар, ата-аналар комитеті тарағаларының қатысуымен 19 колледжде және жастар сарайында кездесулер өткізілді, деп хабарлайды Adym.kz ақпарат агенттігі.
Кездесудің мақсаты аудан, қалаларда орналасқан білім беру ұйымдарында жəне мəдениет үйлерінде (мектеп, колледж, ЖОО) жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың және қыздар арасында ерте жүктіліктің, салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында есірткіге қарсы зиянды психотроптық, күшті әсер ететін немесе улы заттардан, алькоголдік ішімдіктерді қолданудың алдын алу, түрлі керағар діни ұйымдардың іс-әрекеттерінен қорғау және діни экстремизммен терроризмнің алдын алу бағыттарын түсіндіру.
Оқушы, студент жастармен кездесуге Түркістан облыстық Ішкі істер департаментінің Жергілікті полиция қызметінің полция инспекторлары, ОҚО ІІД Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының, Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының, облыстық денсаулық сақтау, дін істері басқармасының теолог мамандарының қатысуымен жасөспірімдер мен жастарға ақпараттық насихат жасау арқылы Қазақстан Республикасының Заңдары аясында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Кездесуге қатысушы жастарға арнайы ҚР Ішкі істер министрлігінің дайындаган есірткіге қарсы зиянды әдеттерден сақтау туралы журналдар, кітапшалар және Террористік актілерді болдырмау жөніндегі ақпараттандыру парақшалары тарқатылды.
Сонымен қатар, ерте жүктіліктің алдын алу, діни радикализмнен сақтандыруға арналған бейнефильмдер мен слайдтар көрсетілді.
Бұл жұмыстар 2018 жылдың аяғына дейін жалғасын табатын болады.