Келес ауданында «ХХІ ғасырдағы қазақстандық ата-ана: өз балаңа үлгі бол» атты республикалық конференциясы өтті

Бүгін Түркістан облысы, Келес ауданының Абай ауылында орналасқан №110 жалпы орта мектебінде аудандық білім, дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастырумен «ХХІ ғасырдағы қазақстандық ата-ана: өз балаңа үлгі бол» атты республикалық конференция болып өтті, деп хабарлайды Adym.kz  ақпарат агенттігі Келес ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Конфенцияға Келес ауданының әкімі А.Есбаев, Білім және ғылым министрлігінің өкілі, республикалық «Отбасы тәрбиесі» институтының тренері А.Матаева, Түркістан облысының білім басқармасының бас маманы К.Оспанова және ата-аналар қатысты.
Конференция барысында жасөспірімнің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамыз ету, интернет-тәуелділік қалыптасуының алдын алу, жасөспірімдердің суицидтік (ауто-деструктивті) мінез-құлқының алдын алу, отбасылық құндылықтарды нығайту, жасөспірімдер ортасында деструктивті діни ағымдар енгізудің алдын алу шаралары туралы сөз болды.
Жалпы, мұндай іс-шаралардың білім беру ошақтарының қабырғаларында жиі өткізіліп тұруы керек –ақ. Бүгінгі таңның өзектілігіне айналып отырған көптеген мәселелер бойынша әңгіме өрбіп, жасөспірімдер мен олардың ата-аналарына тәлімі мол — тәрбиелік дүниелер айтылды.