Келестің әкімі тұрғындарды жеке мәселелерімен қабылдады

Бүгін  бекітілген кестеге сәйкес, Түркістан облысы, Келес ауданының әкімі А.Есбаев тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдау өткізді. Қабылдауға аудан әкімінің орынбасары А.Сексенбаев және аппараттың жауапты қызметкерлері қатысты, деп хабарлайды Келес ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған Adym.kz ақпараттық агенттігі.
Аудан әкімі тұрғындармен жиі кездесіп,  мән-жайды анықтап, шешім қабылдауды тұрақты жұмыс кестесіне енгізген. Бұл жолы да тұрғындар тиісті мәселелерін алға тартып, қабылдау барысында, тұрғындар жол, әлеуметтік көмек беру және тұрғын-үй-коммуналдық шаруашылық мәселелеріне қатысты өздерін мазалаған сұрақтармен бөлісті.
Өтініштерді мұқият тыңдаған аудан әкімі, көтерілген мәселелердің шешу жолдарын қарап, нақты жауаптар беріп, салаға жауапты аудан әкімінің орынбасарларына, бөлім басшыларына заң талаптарына сәйкес жұмыс атқаруды, аудан тұрғындары тарапынан қойылған сұрақтардың шешімін жан-жақты қарап, мерзімінде орындауды тапсырды. Аудан тұрғындарының көтерген мәселелері әкімдіктің тұрақты назарында болатынын, орындалуы бойынша қатаң қадағаланатындығын жеткізді. Қабылдау барысында, тұрғындар жол, әлеуметтік көмек беру және тұрғын-үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері айтылды.