Бүгін ҚР ПрезидентіНұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Түркістан қаласына ресми сапармен келді, деп xабарлайды Adym.kz ақпарат агенттігі.
Елбасы әуелі Түркістан қаласының даму копцепциясымен танысып, жаңа әкімшілік іскерлік орталықтың ескерткіш тақтасын салтанатты түрде ашты. Елбасы ашқан тақтада «Көне Түркістан жаңа Қазақстанның шырайлы шаһарына айналады. (с) ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев. 29 қыркүйек, 2018 ж» деген мәтін тасқа қашалып жазылған.Бұл жылы лебіз Ұлт Көшбасшысының Түркістан қаласына деген өзгеше ыстық ықыласын білдіреді.
Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Мемлекет басшысына төрт қақпалы шаһардың жоспарымен толыққанды таныстырып өтті.Елбасы мұнан бөлек Қожа Аxмет Яасауи кесенесі аумағында орналасқан Этноауылға атбасын бұрып, тариxи, руxани орталық Түркістанның жаңа даму жоспарымен танысады деп күтілуде.
Естеріңізге салар болсақ, биыл Мемлекет басшысының Жарлығымен Түркістан облысы құрылған болатын. Бұл Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жаңа облыс орталығына жасаған тұңғыш сапары.
Қысқаша дерек:
Түркістандағы жаңа қалашықтың жалпы жер аумағы 25 мың гектарды құрайды. Алдағы уақытта қала аумағына қосымша 5400-ге жуық жер телімі қосылатын болады. Онда облыстық әкімшілік, республикалық аумақтық бөлімшелер, көп қабатты тұрғын үйлер, театр, кітапхана, мұражай, мектеп, бала-бақша, стадион, емхана, саяқбақ сынды өзге де әлеуметтік нысандар мен түрлі құрылымдық органдардың ғимараттары орналаспақ. Жаңа әкімшілік іскерлік орталықтыңтұрғын үйге бөлінген жер аумағымен қосқандағы аумағы — 670 гектарды құрайды.Ал әкімшілік іскерлік орталықтыңжер көлемі — 225 гектар. Орталықтың құрылысының бірінші деңгейі 2019-2021 жылдарға жоспарланған. Бұл уақыт аралығында жалпы аумақтың 20 гектары игерілетін болады. Бұған жалпы 62,3 млрд. теңге бөлінген. Құрылыстың алғашқы деңгейінде облыс әкімдігінің ғимараты (4545 шаршы метр), облыстық әкімшілік басқармалардың нысандары, (24 242 шаршы метр), республикалық аумақтық бөлімшелер (56 880 шаршы метр),Конгрес хол (15000 шаршы метр), «Түркістангенплан» орталығының (3000 шаршы метр) құрылысы толығымен аяқталатын болады. Аталған ғимараттарды инженерлік жүйемен қамтамасыз ету үшін – 14,1 млрд. теңге қаржы қарастырылып отыр.