Бүгін, 28 қыркүйекте «Ұлы Дала Eліне саяхат» жобасының «Жаңа Жібек жолы» бағдары бойынша қатысушылары Түркістан облысындағы тарихи орынға келіп жетті. Қатысушылар бұған дейін Алматы және Жамбыл облыстарындағы көрікті және тарихи орындарды аралап өтті. Бұл «Ұлы Дала Eліне саяхат» жобасы бағдарларының соңғы нүктесі болып табылады. Отырарда қатысушыларды Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы қарсы алды, деп хабарлайды Adym.kz ақпарат агенттігі.
«Ұлы Дала Eліне саяхат» экспедициясы Қазақстан Республикасының елордасы – Астана қаласының 20-жылдығын мерекелеу шеңберінде өткізілгенін естеріңізге сала кетейік. Ұйымдасырушысы Мәдениет және спорт министрлігі Индустрия және туризм комитетінің тапсырысы бойынша «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясы болып табылады. «Жаңа Жібек жолы» экспедициясының бағдарын «QazaqGeography» республикалық қоғамдық бірлестігі іске асыруда. Экспедиция қатысушыларының құрамында тәжірибелі саяхатшылар, туроператорлардың өкілдері, шетелдік және қазақстандық тревел-блогерлер, сонымен қатар «National Geographic Россия» командасының өкілдері бар.
«Құрметті қатысушылар, сіздерді ірі және отандық туризмнің дамуы үшін маңызды «Ұлы Дала Eліне саяхат» экспедицясының аяқталуымен қуанышпен құттықтағым келеді. Үш ай шамалас біздің туған өлкеге саяхат артта қалды, сіздер біздің тамаша Отанымыздың ең ғажайып жерлерін көрдіңіздер! Нәтиже көрсеткендей, бізде сұлу табиғат пен назар аударуға лайықты тарихи ескерткіштер санының көптігін көрсетті. Енді өңірлерде ішкі туризмді дамыту жұмысын жалғастыру керек, бұны өскелең ұрпаққа көрсету, біздің игіліктерімізді шетелдік туристерге таныстыру қажет», — деп атап өтті өз сөзінде Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы.
Бағдардың қорытынды нүктесі — көне Отырар қаласының орны. Бұл ашық аспан астындағы археологиялық ескерткіш ЮНЕСКО қорғауына алынған. Қала қирандылары арасынан көне сарай, мешіттер мен үйлерді көруге болады, олар қаланың ауқымы мен маңыздылығын көрсетеді. Отырарға таяу әзіз Арысан-Баб сопының мазары орналасқан. Бүгінде бұл Қазақстанның оңтүстігіндегі адам ең көп баратын және танымал орындардың бірі. Бұл жерге күн сайын Қазақстанның түкпір-түкпірінен және шетелдерден зияратшылар мен жай туристер келеді. 1982 жылдан бастап мазар мемлекеттің қорғауына алынды.
Мұнда соңғы жылдары жақсы инфрақұрылым қалыптасқан: қонақүйлер, жаппалар, сауда жасайтын орындар, асхана бар. Жергілікті тұрғындар туристерге көмек көрсетеді: экскурсиялар жүргізеді, тұрғын жай, тамақтану ұсынады.Тағы да жақын жерде Түркістан қаласы орналасқан, оның тарихы шамамен 1500 жыл. Қала жуырда ғана облыс орталығына айналды. Оның туристердің көп ағынын тартатын басты көркі — 1500 Қожа Ахмет Ясауи кесенесі. Бұл бірегей ғимарат Әмір Темірдің бұйрығымен салынған. Кесене Қазақстан және Орта Азия мұсылмандары арасында аруақ қонған жер ретінде құрметтеледі. Қожа Ахмет Ясауи кесенесінен басқа Түркістанда көптеген тарихи құрылыстар, қазақ хандары мен халықтың атақты адамдарының кесенелері, мазарлары бар.Қатысушылар нағыз қызықты оқиғалар мен ұмытылмас әсерге толы 12 күндік экспедицияны артта қалдырды. Ал Түркістан облысымен танысу Орта Азиядағы ең ертедегі қорықтардың бірі Ақсу-Жабағылыдан басталған еді. Қорықтың жалпы ауданы 12 га құрайды. Бұл жерді сирек кездесетін жануарлар мекендейді және мұнда 170-тен аса өсімдік түрі өседі. Ақсу-Жабағылы қорығының аумағында әртүрлі экскурсиялар жүргізіледі. Табиғатты сүюшілер үшін экологиялық экскурсиялар және мектеп оқушыларына арналған балалар бағдарлары бар. Қорықта ұзақ бағдарлармен экскурсия өткізу кездеріндегі негізгі қозғалыс құралы ат болып табылады. Қорықта адамдардың ең көп баратын жерлерінің бірі — Ақсу шатқалы, ол көне замандарда тұрақ орны болған, мұны тастағы суреттер куәландырады. Шатқалдың тереңдігі 1800 м.Батыс Тянь-Шаньның шығыс бөлігінде орналасқан Сайрам-Өгем мемлекеттік табиғи паркінде бағдар қатысушылары 2350 метр биіктіктегі Сайрамсу көліне тоқтады. Бұл мұздықтан пайда болған тамаша көріністі көл, суы өте салқын, өйткені көл қуатты жерасты бұлақтардан толығып отырады.Бұдан басқа, бағдар қатысушылары Ұлы Жібек жолындағы тағы бір әйгілі қала – Сауранның орнын көрді.
Бүгінде өңір өкіметтері қаланы туристер үшін тартымды орынға айналдыруға бар күштерін салуда. Туризм индустриясын дамыту, жаңа нысандар құрылысы және көшелерді реконструкциялау қала әкімшілігі әзірлеген «Көне Түркістан» тұжырымдамасында қарастырылған.Бұл ең мазмұнды бағдарлардың бірі болды, өйткені саяхатшылар мүлде аз уақыт ішінде мейлінше көп жерлерге барды, олардың арасында: Жаркент, Хоргос селосы, Саты кенті, тау биігіндегі Көлсай көлдері мен Қайыңды көлі, Шарын мемлекеттік ұлттық тарихи паркі, Темірлік шатқалдары, Бекіністер алқабы, «Алтын Емел» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі, Ақтау таулары, Әнші құм, Талқыз қаласының орны, Таңбалы шатқалы, Ақыртас археологиялық кешені, Қарахан және Айша-Бибі кесенелері және т.б.Кері жолда қатысушылар Шымкент қаласының көрікті жерлерін тамашалайды және қаладан 90 шақырым жердегі Ақмешіт үңгіріне барады. Ол әктас жыныстарынан пайда болған және жартас қуысы болып табылады. Ішінен оның шеттері киіз үй күмбезін еске салады.«Ұлы Дала Eліне саяхат» экспедициясының 6 бағдарының қорытындылары бойынша артта тарихқа айналып бірнеше мыңдаған шақырым қалды. Қорытынды ретінде әрбір бағдар бойынша фотобейне банкі, жолкөрсеткіш және жаңа туристік бағдарлар жасалатын болады.