Түркістан облысы, Қазығұрт ауданында адамзат өркениетінің бастау алған аймағын паш ету және туған жерге тағзым ету аясында мерекелік кеш болып өтті, деп хабарлайды Adym.kz ақпарат агенттігі Қазығұрт ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бекіткен іс-шаралар жоспарына сай аудандық Қ.Өмірәлиев атындағы орталық және балалар кітапханаларының ұйымдастыруымен орталық алаңда «Келбетіңнен айналайын, туған жер» атты мерекелік кеш болып өтті.
Мерекелік кештің мақсаты — ауданның 90 жылдығын тойлай отырып, көпшілік қауымға адамзат өркениетінің тұңғыш дүмпуі, алғашқы қанат серпіні жасалған Азия даласы, оның ішінде түркі атаулының қара шаңырағы атанған қазақ байтағы қасиетті де әулиелі Қазығұрт жері жайлы көпшілік қауымға кітап арқылы насихаттау. Іс-шарада жаңа кітаптар әлемі таныстырылып, өнеге болатын тарихи қойылымдар ұйымдастырылды.
Естеріңізге салар болсақ, қазыналы Қазығұрт өлкесі адамзаттың алғашқы тіршілік іздері қалған қасиетті мекен саналады. Қазығұрт тауының басында қасиетті Нұх пайғамбар кемесі қайраңдаған деген аыз бар.