Темірландағы Қажымұқан атындағы облыстық спорт музейінде қазақ қыздарының арасынан шыққан тұңғыш акробат Гүлжаһан Ниязовамен тәлімді кездесу өтті, деп хабарлайды Adym.kz ақпарат агенттігі ERNUR.KZ сайтына сілтеме жасап.
Басқосуды аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің қызметкері, белгілі әнші Айнұр Әубәкірова ашып, жүргізді. Ол бүгінгі қонақтың өнегелі өмірі жәйлі айтып өтті. Содан кейін аталған музей директоры Гүлдария Райымбекова сөйлеп, құрметті қонаққа «Хош келдіңіз!» айтып, мықты денсаулық, ұзақ өмір тіледі.
Кездесу барысында құрметті қонақ Гүлжаһан Ниязова сөйлеп, өмірбаянынан деректер келтірді. Аудандық әйелдер кеңесінің төрайымы Гүлия Тайтелиева құттықтау сөз сөйлеп, құрметті қонақтың иығына орамал жапты, қоғамдық бірлестіктің «Алғыс хатын» тапсырды. Басқосу өте қызықты өтіп, жиналғандар қазақтың тұңғыш акробат қызының өнегелі өмір жолына қанықты.
Қазақтың тұңғыш акробат қызының өнегелі өмірі таныстырылды. Гүлжаһан Ниязова сөйлеп, өмірбаянынан деректер келтірді. Аудандық әйелдер кеңесінің төрайымы Гүлия Тайтелиева құттықтау сөз сөйлеп, құрметті қонақтың иығына орамал жапты, қоғамдық бірлестіктің «Алғыс хатын» тапсырды.