​Түркістанда «Жас Отау» отбасылық спорттық сайыс өтті

Түркістан облысы, Сарыағаш ауданында жас отбасыларды қолдау мақсатында «Жас Отау» атты аудандық отбасылық сайыс өтті, деп хабарлайды Adym.kz ақпарат агенттігі.
Қазақстан Республикасы ның Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында айтқандай, өскелең ұрпақ — біздің ертеңіміз болғандықтан олардың спорттық білімдерін арттырып қана қоймай, осындай акцияларды көптеп ұйымдастыру жастардың салауатты өмір салтын дұрыс ұстануға өз септігін тигізері сөзсіз.
Салауатты өмір салтын ұстануға септігін тигізер іс-шаралар Сарыағаш ауданында өткізілуде. Отбасылық спортты дамыту және халықты тұрақты дене шынықтыру мен спортқа жұмылдыру мақсатында «Жас Отау» отбасылық жарысы Сарыағаш қаласындағы М.Ломоносов атындағыжалпы білім беретін орта мектебінде өткізілді. Жарыс аудандағы отбасылар арасында ұйымдастырылды. Отбасылық жарыс бағдарламасы 4 эстафеталық кезеңнен құрылды. Кезеңдер «Кім жылдам?», «Кенгуру», «Аралас эстафета» және «Теңбіл доп» сайыстарынан тұрады. Осындай тәлімді шараға қатысқан отбасылар өздерінің жан-жақты екенін көрсете білді.
Жарыс барысында қатысушы топтар бағдарламаның барлық кезеңдерінен сүрінбей өтіп, өздерінің ептіліктері мен спорттық шеберліктерін танытты. Тартысты өткен жанұялар жарысының нәтижесінде Исаховтар отбасы еш командаға дес бермей І-орынды иеленді. Сондай-ақ көрерменнің көңілінен шыққан Баратовтар отбасы ІІ орыннан, Бабамуратовтар отбасы ІІІ орыннан көрінді. Бәсекеге толы сайыс соңында сайысқа қатысқан отбасыларға бағалы сыйлықтар табыстады.
— Бүгінгі жарысты ұйымдастырушыларға алғысымызды да йтамыз. Тартысты өткен жарыста 1-ші орын алғаныма қуаныштымын, бұл жердегі жеңісіміз сыйлық емес, бұл отбасымыздың бір-біріміз тамаша уақыт өткізгенімізде. Алдағы уақытта бұл сайыстың жалғасы табуын күтеміз, — деді Исаховтар отбасының топ басшысы Исахов Қуаныш.