Созақта ​»Өмірімнің кейіпкері — өзіңсің» атты әлеуметтік-психологиялық жиын өтті

71

Созақ аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ нің ұйымдастыруымен «ӨМІРІҢНІҢ КЕЙІПКЕРІ — ӨЗІҢСІҢ!!!» атты әлеуметтік-психологиялық жобасы өтті, деп хабарлайды Adym.kz ақпарат агенттігі.
Дәл осы күні Панфилов атындағы жалпы орта мектебінің акт залында Қаратау ауылдық округінің жастарына өтсе, түсте Қарағұр жалпы орта мектібінің акт залында Қарағұр ауылдық округінің жастарына өтті. Аталған семинарға Панфилов атындағы ж/о мектебінің, Саржаз негізгі орта мектебінің және С.Қожанов атындағы жалпы орта мектебінің жоғарғы сынып оқушылары, сонымен қатар Қарағұр ж/о мектебінің, Батырбекова атындағы және Бақбергенов атындағы ж/о мектебінің жоғары сынып оқушылары қатысты.
Кездесуге орталық нұсқаушылары Утебаева Айнұр мен Байменов Ерұлан және орталық психологы Ниязәліқызы Ләйла, аудандық орталық аурухананың СӨСҚО маманы Қойлыбаева Меңтай қатысты. Шара барасында жастармен көкейкес мәселер талқыланып, жастарға психолигиялық, құқықтық, әлеуметтік кеңестер айтылды. Шара соңында жастар арналған арнайы «кофе брейк» ұйымдастырылып, жастардың бір — бірімен араласуына, достықты нығайтуға жағдай жасалды.