​Түркістан облысы спортшылары халық спортынан жеңімпаз атанды

Ақтау қаласында Армрестлингтен Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жүлдесі үшін VI xалық спорты ойындары болып өтті, деп хабарлайды Adym.kz ақпарат агенттігі.
Құраманы аға жаттықтырушы Нұржан Туракулов, Сейфулла Нурxаликов, Бақдаулет Турманов сынды білікті маман, өз ісінің шеберлері бастап барған болатын. Шымкент қаласының және Түркістан облысы құрамасының атынан бақ сынағын жерлестеріміз өте тартысты өткен бәсекеде жеңіске жетіп, абыройымызды асқақтатты.
Еліміздің барлық облыс, қалаларынан жиналған дүбірлі додада командалық есепте 1-орынды Шымкент қаласы, 2-орынды Түркістан облысы, 3-орынды Алматы қаласы командалары иеленді. Жеңіске жеткен спортшыларды атап өтсек: 60 келі салмақта: I орын — Рүстембек Талғатбек (Шымкент қ.) II орын — Өсербай Қыдыр (Түркістан облысы) III орын — Абсаттар Даурен (Түркістан облысы) 70 келі салмақта: I орын — Айдарxан Нұрдаулет (Түркістан облысы) II орын — Әбілда Ержан (Шымкент қ.) III орын — Қадір Нұрдаулет (Түркістан облысы) 80 келі салмақта: I орын — Шамиев Мағжан (Шымкент қ.) II орын — Ақтаев Талғат (Түркістан облысы.) 90 келі салмақта: I орын — Қарсыбаев Ғалымжан (Шымкент қ.) 100 келі салмақта: I орын — Оңғарбаев Қыдырғали (Шымкент қ.) +100 келі салмақта: II орын — Құттымұратов Медет(Шымкент қ.) Жеңімпаз спортшыларымызды құттықтай отырып, алдағы Түркия елінің Анталия қаласында өтетін Әлем чемпионатында ел намысын абыроймен қорғауларын тілейміз.