​Шымкенттік боксшылар Өзбекстанда жеңімпаз атанды

2018 жылдың 16 – 21 қыркүйегі аралығында Өзбекстанның Әндіжан қаласында әуесқой бокстан Валентин Золатаревті еске алуға арналған XI турнир өтті, деп хабарлайды Adym.kz ақпарат агенттігі ERNUR.KZ сайтына сілтеме жасап.
Жарыста шымкенттік былғары қолғап шеберлері 3 медаль жеңіп алды. Атап айтар болсақ, 64 келі салмақта шаршы алаңға шыққан Абдухалил Балтиев барлық қарсыласын жеңіп, жеңімпаз атанды. ал, 69 келі де өнер көрсеткен Абай Төлеш финалда есе жіберіп, екінші орынды місе тұтты. 69 келі салмақта Азат Асанов турнирді 3 – орынмен аяқтады.
Естеріңізге салар болсақ, №5-ші спорт мектебі әлемдік кеӊістіктегі спорттық шараларды қабылдау мүмкіндігіне қол жеткізді. Бұған дейін ел аумағында мұндай мүмкіндікке Астана және Алматы қалалары ғана ие болып келген еді.
Бүгінгі пайдалануға беріліп отырған бокс мектебі Шымкенттегі жас боксшыларыныӊ тыӊғылықты дайындалуына арналған басты спорттық база болып табылады.
Жаӊа ғимаратта спортшылар үшін бокстыӊ әдіс-тәсілдеріне машықтануы үшін толық жағдай жасалған. Нысанда соӊғы үлгідегі заманауи оқу сыныптары, жаттығу бөлмелері, жанға жайлы қонақүй, медицина кабинеті, монша, арнайы кәсіпқой бокс кешені және 220 көрерменге лайықталған аренасы бар.
Сонымен қатар, мұнда жас өскіндердіӊ біліктілік қабілетін арттыру мақсатында Олимпиада ойындарыныӊ жеӊімпаздары мен ұлттық құрама мүшелерінен дәріс алуына жағдай жасалған. Бұл спорт мектебінде қазіргі таӊда 700-ге таяу тәлімгер жаттығуда.