​Түркістан облысына шетелдік еріктілер келді

«Нұр Отан» партиясының «English for zhastar» жобасы аясында Түркістан облысына АҚШ-тан екі ағылшын мамандары келді. Америкалық ағылшын тілінің мамандары 2 ай көлемінде ауылды жерлерде ағылшын тілін үйретеді, деп хабарлайды Adym.kz ақпарат агенттігі ERNUR.KZ сайтына сілтеме жасап.
Ағымдағы жылы бастау алған «English for zhastar» партиялық жоба аясында ағылшын тілін білетін қазақстандық және шетелдік студенттерді, ағылшын тілі мамандарын еріктілер ретінде шақырылып, ауылдық жердегі балаларға ағылшын тілін үйрететін болады.
«Нұр Отан» партиясы Түркістан облыстық филиалында партия басшылығы мен қызметкерлері АҚШ-танкелгенекі ағылшын мамандарын салтанатты түрде күтіп алды. ЕріктіМарко Перез (Marco Perez), Кэтрин Элиот (Catherine Elliot) Қазақстанда білім беруі үшін3 деңгейдегі іріктеуден өтті. Еріктілер арнайы шарттарға сәйкес таңдалған: ағылшын тілін міндетті білу орташа деңгейден төмен емес, орыс және қазақ тілдерінде еркін сөйлеуі, сондай-ақ балалармен оқыту және жұмыс дағдыларының болуы.
Бұл жоба барысында олар Қазақстанмен бірінші рет танысады. «English for Jastar» жобасының маңызытек ағылшын тілінен сабақ беру ғана емес,Қазақстанның яғни орналасқан жергіліктіорынның мәдениетімен танысу. «Нұр Отан» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Нұрмахан Жолдасов айтуынша, аталған жоба ауылдағы оқушыларға еркін түрде ағылшын тілінде сөйлеуге мүмкіндік береді.
— Бұл жоба Елбасының Қазақстандағы ағылшын тілін үйрену және үштілділікті дамыту бағдарламасының аясында қолға алынып отыр. Елімізде, әсіресе ауылдық жерлерде ағылшын тілін үйрететін мамандар тапшы. Осы орайда, «Нұр Отан» партиясы «English for zhastar» жобасын қолға алды. Жоба аяында ағылшын тілін білетін қазақстандық және шетелдік студенттерді, ағылшын тілі мамандарын волонтер ретінде шақырып, ауылдық жердегі балаларға ағылшын тілін үйрететін болады, — деді ол.
— Ағылшін тілін білетін еріктілерден және ағылшын тілінде сөйлейтін шетелдік азаматтардан құралған топ шалғай аудандарда мектеп бағдарламасынан тыс сабақтар өткізіп, оқушылардың ағылшын тілін жетік меңгеруіне ықпал етпек. Біз бұл еріктілердің біздің аймаққа келуін асыға күттік. Себебі, америкалық мұғалімді күтетін аудандарқатысуға ниет білдірген оқушылардың, яғни жоба қатысушылардың барлығын жинап қойды. Елге келген қонақтарға арнайылап аймақ ішінде экскурсия жасаймыз деп жоспар да құрып қойдық – деді «Жас Отан» Жастар Қанаты Түркістан облыстық филиалының төрайымы Жұлдыз Намаз.
Мистер Марко – кәмелетке толмаған жасөспірімдермен жұмыс жасау орталығында жұмыс жасайды. Мектеп жағдайына қалыптасуына ықпал жасайтын репетитор ретінде жұмыс жасайтын. Даму мүмкіндіктері шектеулі жандар мен 17 жасар кәмелетке толмаған жасөспірімдермен, жаңа туылған нәрестелермен жұмыс жасап тәжірибе жинаған. Миссис Кэтрин – 17 жылдық еңбек өтілі бар дәрігер-анестезиолог, Никарагуа мен Гватемалдаерікті педагог болып жұмыс жасаған. Мистер Марко және Миссис Кэтрин Төлеби ауданында Тасарық ауылы мен Созақ ауданындағыТаукент ауылының мектептерінде сабақ беретін болды.