Түлкібас ауданының 90 жылдығына орай эстрада жұлдыздарының шығармашылық кеші өтті

Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында Түркістан облысы, Түлкібас ауданының орталығында орналасқан сәні мен салтанаты жарасқан мәдениет үйінің күрделі жөндеу өтіп, жаңадан жаңғырған ғимаратында жерлесіміз, белгілі әнші, қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Индира Расылхан ауданымыздың 90 жыл мерейтойына орай жеке концертін тарту етті, деп хабарлайды Adym.kz ақпарат агенттігі Түлкібас ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Концертке жиналған аудан тұрғындары өз жерлесін қуана қарсы алып, Индира Расылханның орындауында айтылып жатқан хит әндерді қосыла айтып, көңілдері қуанышқа бөленді. Белгілі әнші ауданға өзі келмей артынан ізбасары, Әлімжан Кеңес атты жас шәкіртің қалын жұртшылыққа таныстырып, дует болып, қазақ халқының ұлы компазиторы Шәмші Қалдаяқовтың халық әндерінде орындады.
Аудан тұрғындары мен қонақтарының назарына!
Ағымдағы жылдың 25 қыркүйек күні, Түлкібас ауданының орталығы Т.Рысқұлов ауылының мәдениет үйінде ауданымыздың 90 жылдығына орай «Ақындар айтысы» өтеді. Баршаңызды тамашалауға шақырамыз. Кіру, тегін!