Ғ.Әбдірахымов: «3 ауысымда оқужүйесін жабу үшін тағы 12 жаңа мектеп керек»

Шаһар басшысы үш ауысымдық мектепке байланысты тағы бір өзекті мәселені қозғады, деп хабарлайды Adym.kz ақпарат агенттігі shymkala.kz сайтына сілтеме жасап.
Жаңа 2018-2019 оқу жылының 1 сыныбына 24 мың оқушы қабылданған. Демографиялық өсімнің тұрақты дамуына орай Шымкентте 20 мың орындық мектеп қажет екендігін айтты.
– Қаладағы үш ауысымда оқу жүйесін толығымен жабу үшін бізге тағы 12 жаңа мектеп керек. Қазір бұл қажеттілікке байланысты 10 мектепке республикалық бюджеттен қаржы қаралуда. Ал 2 мектеп құрылысын қала бюджетінен қаржыландыруды жоспарлап отырмыз. Сонымен қатар, қаладағы 30 мектептің жанына қосымша ғимарат салу жобасына кәсіпкерлермен келліссөздер жүргіземіз. Бұл жобаға қала мәслихатының депутаттары қатарындағы кәсіпкерлерді де шақырамын, – деді
Ғ.Әбдірахымов.
Сөз соңында қала әкімі қаржыландырудың түрлі бағытын дамыту маңызына тоқталды.
– Қаржыландыру көзін тек бюджеттен күтіп отырмай, инвестициялық жобаларды дамытуға және қала бюджетіне түсетін кіріс көзін арттыруға болады. Шымкенттің қазіргі таңдағы кірісі 80 млрд теңгені құраса, оны екі есеге дейін ұлғайтуға мүмкіндік бар. Салық органдары мен құқық қорғаушылар бірқатар бизнесті көлеңкеден шығаруда бізбен бірге жұмыс істейді деп сенемін, – деді шаһар басшысы.
Сессияны қорытындылаған қала әкімі Ғ.Әбдірахымов Д.Қонаев атындағы даңғылдың құрылысы жалғасатынын айтып, түрлі бастамалар мен ұсыныстарға қолдау білдіргендері үшін мәслихат депутаттарына алғысын білдірді.