Шымкент шаһарында 15 қыркүйек және 15 қараша аралығында Емхана таңдау науқаны жүргізіледі. 2018 жылы 25 қыркүйек күні Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының қызметкерлері мен Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының өкілдерінің қатысуымен Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының үлкен мәжіліс залында аудан тұрғындарына жиналыс өткізілді, деп хабарлайды Adym.kz ақпарат агентті әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жиналыстың күн тәртібінде келесі мәселелер қаралып, оларға көңіл бөлінді:
1.«Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістермен толықтыру туралы жобалар жайлы
2.ҚР ДCӘМ 2015 жылғы 28 сәуірдегі «Алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсету қағидаларын және Азаматтарды алғашқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдарына бекіту қағидаларын бекіту туралы»№ 281 бұйрығының талаптарына сәйкес тіркеу науқаны жайлы.
Жиналысқа аудан тұрғындары, емхана өкілдері, Шымкент қаласы жұмыспен қамту орталығының мамандары қатысты. Жиналыс барысында емханаға тіркелу жолдары, онлайн режимде не істеу керек және ХҚКО ақылы қалай тіркелеміз деген сынды сұрақтарға жауап берілді. Көп бұл бастаманы қолтайнының жеткізді.