«Нұр Отан» партиясы Шымкент қалалық филиал төрағасының орынбасары, Шымкент қалалық мәслихатының депутаты, мәслихаттағы «Нұр Отан» партиясы Фракциясының жетекшісі Б.Төлегеновтің төрағалығымен Айбергенов көшесі бойындағы пәтерлерді жалға беру, қоғамдық тәртіптің сақталмауы сынды проблемалық мәселелерге қатысты арнайы жиын өтті, деп хабарлайды Adym.kz ақпарат агенттігі.
Тұрғындардың наразылығын туындатып отырған жоғарыдағы мәселелер бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды саралаған жиынға Шымкент қаласы, Әл-Фараби аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Е.С.Ниязов, Әл-Фараби ПБ Жергілікті полиция қызметінің бастығы, полиция полковнигі Е.Кенжебаев, Әл-Фараби ПБ Жергілікті полиция қызметінің учаскелік полиция инспекторы, полиция майоры Б.Шойынбаев, Әл-Фараби ауданы әкімінің аппараты кәсіпкерлікті қолдау бөлімінің бас маманы Б.Монанов, Әл-Фараби ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының орынбасары Ғ.Ториев, Әл-Фараби ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының бас маманы Н.Алтынбеков және Т.Айбергенов көшесінің тұрғындары қатынасты.
Жиында сөз болғандай, пәтерлерді тәуліктік, сағаттық тәсілмен жалға беру нәтижесінде аталған аумақта қоғамдық тәртіп едәуір бұзылған. Маскүнемдік, жезөкшелік сынды қоғамдық дерттің алдын алу, пәтерлерді жалға берудегі заңдылықтың орындалуын бақылау, алдын алу бойынша ортақ пікірлермен ой қорытындыланып, алдағы атқарылуы тиіс жұмыстарға нақты жоспарлар құрылды.