Созақта жастар арасында «Өмірімнің кейіпкері  — Өзіңсің!» жиыны өтуде

543

Созақ ауданында  «Өмірімнің кейіпкері  — Өзіңсің!!!» атты әлеуметтік-психологиялық жоба өз бастауын алды, деп хабарлайды Adym.kz ақпарат агенттігі.
19 — 28 қыркүйек аралығында ауданымыздағы барлық мектептерді аралап жоғарғы сынып оқушыларымен кездесу ұйымдастырылатын болады.
Жоба мақсаты: Жастар мен жасөспірімдер арасындағы аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу, ерте жүктіліктің алдын алу, қызды қырық үйден тыю, құқықбұзушылық пен зиянды әдеттердің алдын алу болып табылады.
Аталған семинарға Ш.Уалиханов атындағы жалпы орта мектебі мен М.Әуезов, Қ. Кемелұлы және М.Мәметова атындағы жалпы орта мектебінің жоғарғы сынып оқушылары қатысты. Кездесуге жиынға аудандық аналар алқасының төрайымы, ардагер ұстаз Райымқұлова Ырысты апай, білім бөлімінің әдіскері Баяндиева Дидар, аудандық ішкі істер бөлімінің КТІЖ ЮПТ аға участкелік полиция инспекторы Әбдіқадыр Әділбек, орталық нұсқаушысылары Утебаева Айнұр мен Байменов Ерұлан және орталық психологы Ниязәліқызы Ләйла қатысты. Шара барасында жастармен көкейкес мәселер талқыланып, жастарға психолигиялық, құқықтық, әлеуметтік кеңестер айтылды. Шара соңында жастар арналған арнайы «кофе брейк» ұйымдастырылып, жастардың бір — бірімен араласуына, достықты нығайтуға жағдай жасалды.