Төлеби мәслихатында ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы талқыланды

Бүгін, Төлеби аудандық әкімдіктің үлкен мәжіліс залында аудандық мәслихаттың кезекті жиырма тоғызыншы сессиясы өтті, деп хабарлайды Adym.kz ақпарат агенттігі Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сессия барысында «Төлеби ауданының 2018 жылғы 7 айындағы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы» баяндамасымен аудан әкімі Б.Омарбеков сөз сөйледі. Сондай-ақ, аудан әкімі келер жылға ауданды дамыту турасындағы жоспарлармен бөлісіп, іске асатын жобаларға таныстырылым жасады.
Аудан әкімінің есебін талқылауға жарыссөзге шыққан аудандық мәслихат депутаттары аудан дамуы жақсы қарқын алғанын айтып, жұмыстар әріқарай да осы қарқынмен жүру керек екенін атап өтті.
Сондай-ақ, сессияда депутаттар алдында білім бөлімінің басшысы Р.Аманова білім бөлімінің атқарған жұмыстары туралы есеп берді.
Аудандық «ауыл шаруашылығы және жер қатынастары» бөлімінің екіге бөлініп, қайта құрылатыны туралы Төлеби ауданы әкімі аппаратының персоналды басқару бөлімінің басшысы Н. Салыбеков хабарлады.
Содан соң, сессияда депутаттар ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін «Төлеби ауданының құрмет грамотасына» ұсынылған кандидатураларды қолдап, дауыс берді.
Сессия соңында депутаттар аудан әкімдігі жанындағы ведомствоаралық комиссия құрамындағы өзгерістерді бекітіп, кезекті сессияның төрағасын сайлады.