Бәйдібек ауданынан шыққан кәсіпкер жазушының кеші өтті

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Шымкент қаласындағы «Әзіл ысқақ» театрында жерлесіміз көптеген кітаптардың авторы, кәсіпкер Эльмира Омарбекованның «ӨМІРГЕ ЫНТЫҚ — ӨЛЕҢІМ» атты шығармашылық кеші өтті, деп хабарлайды Adym.kz ақпарат агенттігі Бәйдібек ауданының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Шығармашылық кешке Бәйдібек ауданы әкімінің орынбасары Бағдат Жанғазиев қатысып, — «Эльмира Омарбекова туралы көп нәрсе айтуға болатынын, өмірдің тауқыметін тартса да мойымай ішкі жан дүниесін өлең арқылы сыртқа шығарып, көптеген кітаптардың авторы атанып, поэзияны сүйетін, әдебиетті құрметтейтін Сіз, көпшіліктің сүйіспеншілігіне бөленіп жүре беріңіз», — деп құттықтау лебізін білдіріп, аудан әкімдігінің естелік сыйлығын табыс етті.
Шарада автордың түрлі өлеңдері оқылды. Айта кетерлік жайт өлең шығарумен қатар кәсіпкерлікпен айналысып, қазақтың қолөнерін дәріптеп, насихаттап, осы істерімен өмірге құштарлықтың қандай болатынын дәлелдеп келе жатқан асыл әпкеміз Омарбекова Эльмираның әрбір ісі мақтауға тұрарлық.