Биыл Түркістан облысы Созақ ауданының 90 жылдық мерейтой аясында ауданының барлық елді мекендерінде түрлі іс-шаралар өткізіліп, сырлы мекеннің ғасырға жуық мерейтойын тойлау басталып та кетті, деп хабарлайды Adym.kz ақпарат агенттігі.
Осындай шараның бірі, Созақ ауданының 90 жылдығына орай ауыл жастарының ұйымдастыруымен Жуантөбе ауылындағы футбол алаңында кіші футболдан жарыс өтті. Жарысқа Шолаққорған, Тасты, Шу және жергілікті Жуантөбе ауылынан командалар қатысты.
Соңы жылдары Созақ ауданында Елбасының бұқаралық спортты дамыту тапсырмасы негізінде бірқатар ауыл, елдімекендерде спорттық алаңшалар ел игілігіне беріліп, футболалаңдары салынуда. Бұл реткі Жуантөбе ауылында спорттық сайыс өткен алаңда да сол бағдарлама негізінде салынған.
Спорттық жарысқа ауыл жастары демеушілік жасап, ауылдық округ әкімі аппаратымен бірлесе өткізді. Жарысқа Жуантөбе ауылдық округінің әкімі Дәуіржан Жолдасұлы, аудандық мәслихат депутаты С.Жанұзақов, ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы А.Зұлхарнаев қатысып, командаларға, жарысты ұйымдастырушы жастарға ізгі тілектерін білдірді.Спорттық шараға қатысушы командалардың белсенділігі жоғары. Спорттық жарыстың қорытындысы бойынша Шолаққорған командасы жүлделі 1-орынды, жергілікті командалар Жуантөбе командасы 2-орын, мен Мектеп командасы 3-орын иеленді. Жеңімпаз командаларға арнайы жасалынған дипломдар мен медаль, кубоктар тапсырылды.