Жуырда ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департамент басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Ғалым Сұлтанұлы Тұрсынбаев «Нұр Отан» партиясы Кентау қалалық филиалында қала тұрғындармен жеке қабылдау өткізді, деп хабарлайды Adym.kz ақпарат агенттігі аталған департаменттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жеке қабылдауға Кентау қаласының және елді-мекендер тұрғындары алдын-ала жазылып, өз сұрақтарын қойды.
Сұрақтардың басым көпшілігі мемлекеттік қызметшілерге берілетін әлеуметтік көмек, іс сапарға шыққан қызметшілерге төленетін шығындар туралы және мемлекеттік қызметтерді алу барысында туындаған мәселелерге қатысты болды.
Ғ.Тұрсынбаев жеке қабылдауға келген азаматтардың сұрақтарына тиісті жауаптар беріп, Департаменттің қызмет бағыттары бойынша кеңес беруде үнемі дайын екенін жеткізді.
Сондай-ақ, қабылдауға келген азаматтарға «Қоғамдық бақылау картасы» әзірленгенін, карта танымал әлеуметтік желілер (Facebook, VK, Instagram және WhatsApp, Telegram +7775-8692121) арқылы ұсыныс, пікірлермен бөлісуге болатынын айтты.