Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне жаңа орындықтар орнатылды

«Əзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мəдени қорық-музейіне Шымкент қаласындағы «Mebelini_Design» жиһаз шығаратын кәсіпорны Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне келуші зияратшыларға арналған ұлттық нақышта жасалған ою-өрнегі бар орындықтарды сыйға тартты, деп хабарлайды Adym.kz ақпарат агенттігі «Әзірет Сұлтан» қорық-музейінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Естеріңізге салар болсақ, осыдан ілгері облыс әкімі Жансейіт Түймебаев пен Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Абідрахымов Түркістан облысы мен Шымкент қаласы бірін-бірі қолдай отырып, қатарласа дамитындығын жеткізген болатын.
Осыған орай облыс әкімі Жансейіт Түймебаев пен Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Əбдірахымов бірлескен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойған болатын. Ондағы мақсат – əлеуметтік-экономикалық жəне кәсіпкерлік салада, инфрақұрылымды дамытуда, ғылым мен мəдениет жəне басқа да мəселелер бойынша əкімшілік-аумақтық құрылымдар арасында тығыз байланыс пен əріптестік орнату. Сондай-ақ, меморандум аясында өнеркәсіп, шағын жəне орта бизнес, денсаулық сақтау, мəдениет, құрылыс, цифрландыру, кәсіби аппарат жасақтау, тұрғын үй-коммуналдық жəне өзге де салалар бойынша əріптестік байланысты нығайту көзделген. Осы арқылы облыс пен мегаполис қала бірге өркендеп, жаңа белестерді бағындыратын болады.