Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақалысындағы «Туған жер» бағдарламасының «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасы аясында өскелен ұрпаққа туған өлкелерін таныстыру мақсатында Түлкібас аудандық білім ошақтарында өлкетану кабинеттері мен мұражайлар жұмыс жасауда, деп хабарлайды Adym.kz ақпарат агенттігі.
Солардың ішінен орның ойып алатың ауданымызға қарасты Балықты ауылдық округінің Шарафкент елді мекеніндегі Әл-Фараби атындағы шағын жинақты жалпы орта мектебінің мұражайы десек қателеспейміз.
Мектеп мұражайы 1988 жылдың 18 мамыр айында ашылған. Мұражайдың ашылғанына қуанған ауыл тұрғындары әлі күнге дейін құрылыс жүргізу кезінде жер астынан табылған археологиялық құнды дүниелерді әкеліп табыстауда. Бұл жиналған заттардың барлығы X−XIII ғасырлардың куәсі болып табылады. Мұражайға тапсырылған әрбір зат номерленіп, инвентарлық кітапшаға тіркеліп отырды. Бұл ауылдан археологиялық экспанаттардың ауыл тұрғындарының аулаларынан табылу себебі неде деген сұрақ туындайды. Тарихи деректерге сүйенсек ұлы жібек-жолының бойында орналасқан бұл ауылда V ғасырда Будухкент деген қала орналасқан. Археологтар 1950 және 1987 жылдары екі рет қазба жұмыстарын жүргізген.
Ескі мектеп ғимаратында бастау алған іс – бүгінгі таңда 150 орындық жаңа ғимаратта жалғасын табуда.
Мұражай негізгі екі бөлімнен тұрады: Археологиялық, Этнографиялық
Қосымша: Ұлы Отан Соғысы ардагерлеріне арналған бұрыш және нумизматика бөлімдері бар.
Жалпы мұражайда мыңға жуық экспонаттар бар. Олардың әрбірінің өзіндік құны, ерекшелігі мен тарихы бар. Атап айтар болсақ, әрбірі біртұтас ғылыми жұмыс болатын жәдігерлердің ішінде: Сәлік ауылынан шыққан 17-18 ғасырларда өмір сүрген Қазанғап бақсының қобызы, 20 ғасырдың басында ауыл еңбеккерлерінің Мәскеу қаласында өткен көрмеге қатысып, сыйлыққа алған патефоны, 13 ғасырларда қала ішінен жүргізілген су құбыры т.б. заттар сақталған.
Мектеп мұражайымен мақтануға мүмкіндік беріп отырған мұражайдын бүгінгі заман талабына сай жасақталуы және өзге мектептердің оқушыларының қызығушылық танытып көптеп келуі.
Мұражайдың келушілерді тіркеу журналы 1988 жылдың 2 – маусымынан аудандық оқу бөлімінің басшыларының тіркелуінен бастау алған. Бүгінде түрлі қонақтардың ат басын тірейтін, мақтана көрсететін ауылдың өткенінен хабардар ететін қасиетті мекенге айналған мұражайда 291 адам өз қол таңбасын қалдырған. Қазіргі таңда мұражай экспонаттарының сақталуы мен олардың көбеюіне және тарихын тереңірек зерттеуге көп көңіл бөліп, еңбек етіп отырған тарих пәнінің мұғалімі Сарманова Гүлбаһрам Елтіндіқызы өлкетану мұражайына қатысты “Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында “Туған жер” арнайы жобасының, рухани қазына кіші бағдарламасын насихаттауда мұражайда өлкетану үйірмесін ұйымдастырып, жас ғалымдарға бағыт-бағдар беріп, сабақтар өткізуде.