Шымкентте «Өз балаңа үлгі бол» атты республикалық ата-аналар конференциясы өтті

Шымкенттегі  №23 Зоя Космодемьянская атындағы мектеп-лицейінде «Өз балаңа үлгі бол» тақырыбы аясында ата-аналармен жиналыс өтті, деп хабарлайды Adym.kz ақпарат агенттігі білім басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Алдымен, мектеп директоры Тойлыбаева Жанар Жорақызы сөз алып, барша жиналған ата-ана қауымына конференция барысындағы айтылатын өзекті мәселелермен бөлісіп, бүгінгі жиынның мақсаты жайында өз ойын білдірді. Конференцияда қалалық білім басқармасының басшысы Ақерке Абылайхан соңғы жылдары елімізде демографиялық өсімнің ұлғайғанын айта келіп, биыл Шымкент қаласында 7600 оқушы мектеп бітірсе, 24 мың 14 бүлдіршін бірінші сыныпқа қабылданып отыр.
Әрине, бұл қуанарлық жағдай, балалардың сапалы білім алуына жағдай жасауымыз керек, Белігілі бір жағдайда балаға психологиялық қолдау көрсету, кәсіби көмек көрсету – бұл проблема өкінішке орай отбасында да білім беру ордаларында әлі күнге дейін орын алып келеді. Бұл міндеттің ойдағыдай шешімі табылуы үшін мектеп пен отбасы арасындағы өзара сыйластық пен сенімнің негізінде жемісті тығыз ынтымақтастық болуы керек. Ата-ана мен ұстаз және оқушылармен жұмыс істейтін мектеп психологы мен басқа да мамандар арасында нақты келісім болуы керек.
Мектеп пен отбасының балаға қойған талаптары моральды- адами құндылықтардың біріңғай жүйесін ұсына отырып бір біріне қарама-қайшы келмеуі керек-деді білім басқармасының басшысы. Сондай-ақ, ата-ана бала тәрбиесіне тек ұстаздар ғана емес, өздерінің де белсенділікпен жұмыс жасауларын айтып өтті. Ата-аналармен бас қосқан жиналыс бүгін қаламыздағы барлық білім ұяларында өткенін айта кетейік, сонымен қатар, «Өз балаңа үлгі бол» тақырыбындағы Республикалық ата-аналар конференциясы қаламыздағы №65 мектепте де өз деңгейінде өтті. Бала тағдыры үшін алаңдаушылық білдіретін ат-ана болғандықтан бүгінгі ата-аналар жиналысына , жалпы конференцияға қатысқан барлық ата-аналарға алғысымызды білдіреміз.