Әлемнің үздік нейрохирургтары Шымкентте бас қосты

Әлемнің үздік нейрохирругттарының қатысуымен Шымкент қаласында халықаралық конференция өтті, деп хабарлайды Adym.kz ақпарат агенттігі otyrar.kz порталына сілтеме жасап.
Білікті дәрігерлер өңіріміздің мамандарымен бірлесіп «Паркинсон» ауруын анықтап емдеу шаралары бойынша тәжірибе алмасуда.
Шарада Барселона, Ұлыбритания, Түркия, Грузия елінен келген мамандар дәріс оқып, сырқатты емдеуде тиімді тәсілдерді үйретпек. Халықаралық конференция аясында облыстық денсаулық сақтау басқармасы шетелдік әріптестерімен меморандум түзбек.
Екі жақты келісім бойынша облыстағы дәрігерлер шетелдерде біліктілігін арттырады деп жоспарлануда. Айта кетейік, әлемнің үздік нейрохирургтарының қатысуымен конференция екі күнге жалағасады.
Қазақстандағы ТҰҢҒЫШ «Орта азиялық Паркинсон ауруы және қозғалыстың бұзылысы конференциясы» қаламыздағы «Айдана- плаза» қонақүйінде өткен. Оған Барселона, Ұлыбритания, Түркия, Грузия және басқа да алыс — жақын шет мемлекеттерден арнайы шақырылған сала майталмандары қатысып, өз ойларын тәжірибесімен бөлісті. Халықаралық жиын Түркістан облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мұқан Егізбаев жетекшілігімен өтеді.