Шымкент әкімдігі бағаның заңсыз өсуіне жол бермейді

ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің ОҚО бойынша департаменті аталған Комитеттің биылғы 7 қыркүйектегі № 35-11-17 / 1387 тапсырмасына сәйкес, доллар бағамының көтерілуіне байланысты орын алған жағдайға қатысты ескерту жасады, деп хабарлайды Adym.kz ақпарат агенттігі қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Қазіргі жағдайда жекелеген нарық субъектілері түрлі тауарлардың, соның ішінде отандық өнімдердің сату бағасын жасанды түрде көтеруіне (қымбаттатуына) бағытталған түрлі алып-сатарлық әрекеттері орын алуы мүмкін. Осыған байланысты, сондай орын алған әрекеттер, сондай-ақ, тауарларды өндіру мен өткізуді негізсіз шектеуге бағытталған әрекеттері Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексімен (бұдан әрі — Кодекс) тыйым салынған бағаны белгілеу және ұстап тұруға бағытталған бәсекелестікке қарсы келісілген іс-әрекеттер мен бәсекелестікке қарсы келісімдер, үстем жағдайды теріс пайдалану белгілері Департаментпен қарастырылуы мүмкін. Сонымен қатар, осындай әрекеттерді жасау үшін Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 159-бабына сәйкес, барлық монополиялық кірістерді (негізсіз алынған табыс) тәркілей отырып, кірістердің (түсімдердің) 3% -дан 5%-ға дейінгі мөлшерде әкімшілік жауапкершілікке тарту қарастырылған. Кодекстің 90-2-бабында монополияға қарсы органның міндеттерінің бірі монополияға қарсы заңнаманы бұзудың алдын алу болып табылады.
Осыған байланысты, Департаментпен аталған фактілер бойынша монополияға қарсы заңнаманы бұзушылықтарды тергеуді болдырмау және тиісті шаралар қабылдау үшін, Қазақстан Республикасының қолданыстағы қатаң заңнамасына сәйкес қызмет көрсету қажеттілігін ескертеміз. Сонымен қатар, басқа нарық субъектілердің, сондай-ақ тауар бағасының өсуіне әсер ететін жеткізушілер тарапынан бағаның өсуі орын алған жағдайда, Сіздерге сол субъектінің атауын, мекен-жайын, телефон нөмірлерін, жеткізу бағаларын және Сіздің сату бағаңызды көрсете отырып, тиісті ақпараттарды (негізді материалдарды, шот-фактуралардың көшірмелері, және т.б.) жолдау қажет екендігін хабарлаймыз. Ақпараттарды мына мекен-жай бойынша: Шымкент қ., Тәуке хан даңғылы, 82, 2 қабат, 211 кабинет, тел.: 8 (7252) 53-42-75 (тауар нарықтарында монополияға қарсы заңнаманы бұзушылықтарды тергеу бөлімі) жолдауыңызды сұраймыз.