Шымкенттегі Әл-Фараби ауданының әкімі Ғабит Мәуленқұлов әкімдік қызметкерлерін қала тазалығына жұмылдырды, деп хабарлайды Adym.kz ақпарат агенттігі аудан әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аталған сенбілікке аудан әкімі аппаратының қызметкерлері, үй басқарушылары және тұрғындары қатысып, Айбергенов көшесі №1, №5, №5А және Әлімбетов көшесі №45Б көпқабатты тұрғын үй аулаларына тазалық жұмыстарын жүргізді. Тазалық жұмыстарына 5 арнайы техникамен 110-нан астам адам жұмылдырылып, 23 м3 күл – қоқыс шығарылды. Сонымен қатар, 97 ағаш әктеліп, 6 қураған ағаш кесіліп, 27 тал санитарлық қырқылды. Әрі, сенбілік жұмыстары ұйымдастырылған көпқабатты тұрғын үйлердің алдындағы темір қоршаулар келбетті түрге келтіріліп, барлық ойын алаңшалары сырланып, ретке келтірілді.
Әл-Фараби ауданы Шымкент қаласының орталығында орналасқан және басты көшелері аудан аумағынан өтеді.
Аудан әкімдігі тарапынан қаланың басты көшелерін көркейту-көгалдандыруға, күтіп-баптауға және санитарлық тазалықты сақтау жұмыстары орталық көшелерінде тұрақты түрде жүргізіледі. Атап айтқанда: Бәйдібек би даңғылы, Тәуке хан даңғылы, Д.Қонаев даңғылы және Желтоқсан көшелерінде тиісті жұмыстар жүргізілуде.
Аудан әкімдігінің қызметкерлері де тазалық маусымдарында жаппай сенбіліктер ұйымдастырып, ортақ үйіміз болып саналатын қаланы көркейту жолында іркіліссіз істерді атқаруда. Мұның бәрі ең алдымен, қаламыздың тұрғындар үшін. Себебі, қоршаған орта таза болса тұрғындардың да денсаулық деңгейі жақсара түспек.
Алдағы уақытта, бұл бағыттағы санитарлық тазалық жұмыстары Әл-Фараби ауданы аумағында тұрақты жүргізіліп тұратын болады.