«SHYMKENT» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ басқарма төрағасы болып «Болашақ» стипендиаты Рашид Аюпов тағайындалды, деп хабарлайды Adym.kz ақпарат агенттігі «SHYMKENT» ӘКК» АҚ қызметіне сілтеме жасап.
Рашид Аюпов, ҚР Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясының стипендиаты, Queen Mary University of London (Ұлыбритания) оқу орнының түлегі, мемлекеттік басқару магистрі. Әр жылдары ҚР Үкіметінде сектор меңгерушісі, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің «Ақпарат және тестілеу орталығының» директоры, Премьер-Министр кеңсесінің мемлекеттік қызмет және кадрларды басқару секторының меңгерушісі, «ҚазАльянс» шетелдегі қазақстандықтар бірлестігінің президенті, Шымкент әкімі аппаратының жетекшісі, «Нұр Отан» партиясының ҚР Үкіметіндегі өкілі, партияның ақпараттық технологиялар орталығының жетекшісі қызметін атқарған. Тағайындалғанға дейінгі қызметі — Шымкент қаласы әкімінің кеңесшісі.
Аталған корпорацияның мақсаты — бизнес бастамаларды қолдау және қаланың әлеуметтік, экономикалық және мәдени дамуын ынталандыру. Корпорация инвестицияларды тарту, бизнесті дамытуға жәрдемдесу, жұмыс орындарын құру және әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асыруға бағытталған.
«Болашақ» түлегі «SHYMKENT» ӘКК» АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалды
ОЛ ҚР Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясының стипендиаты, Queen Mary University of London (Ұлыбритания) оқу орнының түлегі, мемлекеттік басқару магистрі.