«Шымкентте «Shymkent» жаңа әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы ашылды», деп хабарлайды Adym.kz ақпарат агенттігі қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Мақсаты — бизнес бастамаларды қолдау және қаланың әлеуметтік, экономикалық және мәдени дамуын ынталандыру. Корпорация инвестицияларды тарту, бизнесті дамытуға жәрдемдесу, жұмыс орындарын құру және әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асыруға бағытталған.
«Shymkent» ӘКК АҚ-ның Директорлар кеңесінің шешімімен, ӘКК-ның төрағасы болып Рашид Абатуллаұлы Аюпов тағайындалды. Рашид Аюпов – 1981 жылы Кентау қаласында дүниеге келген, мамандығы бойынша – заңгер.
Лондон университетінде «Болашақ» бағдарламасымен мемлекеттік басқару магистрі дәрежесін алған. Астана және Шымкент қаласында «ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің ақпараттандыру және тестілеу орталықтарының» директор орынбасары, директоры болып қызмет жасаған. 2009-2015 жылдар аралығында ҚР Премьер-Министрінің Кеңсесінде, кейіннен 2015-2017 жылдары Шымкент қаласы әкімі аппаратының басшысы болып тағайындалған.
2017 жылдың қараша айынан 2018 жылдың шілдесіне дейін ҚР Үкіметінде «Нұр Отан» партиясының өкілі, содан кейін «Нұр Отан» партиясының Ақпараттық-технологиялық орталығының басшысы болып қызмет атқарған. 2018 жылдың шілде айынан бастап жаңа лауазымға тағайындалғанға дейін Шымкент қаласы әкімінің кеңесшісі болды.
Біздің басты мақсатымыз – Шымкенттің дамуына үлес қосу!