Шымкенттегі барлық медициналық мекемелер әкімшілік бағыныстылығына қарамастан, халыққа бұрынғыша көмек көрсете береді, деп хабарлайды Adym.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Бұл туралы Шымкент қалалық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлан Қасымов айтты.
– Яғни, облыстық клиникалық аурухана дәл баяғыша облыс тұрғындарымен қатар, қала тұрғындарына да көмек көрсетеді. Ал, егер, қаланың иелігіне өткен кардиоорталыққа келер болсақ, тұрғын қалада немесе Түркістан облысындағы тұрғылықты мекенжайына қарамастан аурухана көмегіне жүгіне алады, – деп атап өтті басқарма басшысы.
Басқарма басшысының сөзінше, тұрғындарға әкімшілік бөлініс әсер етпей, баяғыша қажет кезде көмек ала беруі керек. Мұны екі әкімдік те, Денсаулық сақтау министрлігі де қолдап отыр. Сондықтан, облыста және қалада тиісті медұйымдар болмағанша осылай жалғаса бермек. Еске сала кетсек, аумақтық бөліністен соң Түркістан облысының меншігінде облыстық клиникалық аурухана, балалар ауруханасы, екі перинаталды орталық, туберкулезге қарсы және психоневрологиялық диспансер қалған болатын.
Шымкенттегі медициналық мекемелер халыққа бұрынғыша көмек көрсете береді
Аумақтық бөліністен соң Түркістан облысының меншігінде облыстық клиникалық аурухана, балалар ауруханасы, екі перинаталды орталық, туберкулезге қарсы және психоневрологиялық диспансер қалған болатын.