Adym.kz: Жыл сайын қыркүйектің үшінші жексенбісінде атап өтілетін Қазақстан халқы тілдері күні. Биылдан бастап, Үкімет қаулысымен қыркүйектің 5-і күні тойланатын болды. Оның өзіндік себебі бар. Бұл күні — Алаш арысы Ахмет Байтұрсынұлының туған күні.
Аталмыш мереке аясында қалалық тілдерді оқыту – әдістемелік орталығы бірқатар шараларды бекіткен. Соның бірі — «Мемлекеттік тіл — мемлекеттік қызметте» деп аталатын бүгінгі байқау. Оған қатысуға ниет білдірген арнайы командалар мен ұжымдар жетерлік. Жарысқа жас қызметкерлерден құралған төрт команда қатысты. Тіл байқауының тізгінін ұстаған Владислав Гаврилин – тіл жанашырларының бірі. Отаншыл орыс жігіті бұған дейін талай байқауларға қатысып, топ жарған. «Қазақ тілінде өзім ғана сөйлемеймін, мемлекеттік тілдің көсегесін көгертуге өзге де достарымды үгіттеймін,»- дейді Владислав.
Жалпы, миллиондар мегаполисінде тілдерді оқыту бойынша жүйелі жұмыс бар. Айталық, биылғы жарты жылдықта, қалада 886 адам қазақ, орыс, ағылшын тілдерін үйреніп шыққан. Оның 282-сі мемлекеттік қызметкерлер үлесінде.
Дереккөз: shymkenttv.kz