Азия ойындарынан Шымкет спортшылары 12 жүлде алып қайтты

Adym.kz: Төрт жылда бір келетін додаға Шымкент қаласынан 36 спортшы аттанған еді. Өрендеріміз 12 жүлдемен оралды: 3 алтын, 3 күміс, 6 қола жүлде. Әсіресе, көркем гимнасшылар 2 алтынмен бүкіл елді қуантты. Құрама сапындағы Даяна Әбдірбекова мен Алина Әділханова – Шымкент қаласының көркем гимнастика спорт мектебінің шәкірттері.
Ескек есуден Инна Клинова да алтын жүлдені қоржынға салды. Сондай-ақ, Севара Нышанбаева (дзюдо), Эльмир Әлімжанов (семсерлесу), Данияр Юлдашев (каратэ), Мария Дмитриенко (стенд ату), Пирмаммад Алиев (батутта секіру), Дмитрий Коблов (жеңіл атлетика), Ерсұлтан Мұзаппаров (белбеу күресі) сынды спортшылар қола жүлде жеңіп алды.
Шымкент қаласының көркем гимнастика спорт мектебінің ұжымы жеңімпаз спортшыларды Шымкент әуежайынан зор қошеметпен қарсы алды.
Азия ойындарында ұлттық құраманың бас бапкері Әлия Юсупова шәкірттеріне зор сенім артқан еді. Сенім ақталды — Қазақ қыздары Азия ойындарының жеңімпазы! Жекелей сында да, командалық сайыста да.
Тіл-көзіміз тасқа, отандық көркем гимнасшыларымыздың өнері әзірге қуантады. Өзгелерге есеміз кете қойған жоқ. Гуанжоуда да өз биігімізден түскен жоқпыз. Бейжің ойындарынан кейін спорттық ғұмырын аяқтаған Әлия Юсупованың лайықты ізбасарлары бар екеніне көңіл тоғайды, әрине.
Юсупованың орнын жоқтатпаған Анна Алябьева Гуанжоу додасын жеңіспен аяқтады. Жекелей сында өзбекстандық Ульяна Трофимова, кореялық Сонг Ен Жаені де соңында қалдырып, мәреге бірінші болып келді. Мұнан бөлек командалық сайыста да біздің бағымыз жанды. Мадина Мұқанова, Анна Алябьева, Мизана Исмайлова, Марина Петракова өкшелей қуған өзбек, жапон қыздарын да артта қалдырды. Сөйтіп, Дохадағы жеңісімізді қайталап, тағы да жалпы есепте бірінші орынға шықтық.

Дереккөз: shymkala.kz