Қаратау ауданының әкімі қысқа дайындық жұмыстарымен танысып шықты, деп хабарлайды Adym.kz тілшісі.
Аталған аудан басшысы Исамидин Мұxитдинұлы әкімшілік іскерлік орталығындағы жылу қазандығының жұмысымен танысып, қысқы жылу маусымына дайындығын көріп шықты. Сонымен қатар аудан әкімінің орынбасары Марат Абдимажидұлымен бірге Нұрсәт шағынауданындағы көп қабатты тұрғын үйлердің аулаларын аралап, коммуналдық қызмет көрсету мекемелерінің коммуналдық жүйелерінің жұмысымен танысты. Еске салар болсақ, Қаратау ауданының әкімі мұнан бұрын қатты отын сатып алатын орындарды аралап, баға тұрақтылығын қадағалаған болатын.
Естеріңізге салар болсақ, Қаратау ауданының әкімі алдағы келе жатқан қысқы жылу маусымына елдімекен тұрғындарын көмір отынмен қамту мақсатында аудан аумағында 5 көмір қоймаларына 42 000 тоннадан астам көмір жеткізілгендігін хабарлаған болатын.
Олар: «Көмір» ЖШС — ЖК «Насыров», Достық т.а. Яссауи көшесі 650 құрылыс. Көмір көлемі — 4.600 тонна; ЖК «Қосжанов», Достық т.а. Яссауи көшесі. Көмір көлемі — 4.500 тонна; «Отын» ЖШС, Достық т.а. Яссауи көшесі. Көмір көлемі — 5.000 тонна; «Азамат мұнай» ЖШС, Достық т.а. Яссауи көшесі. Көмір көлемі — 15.000 тонна; ЖК «Шамсутдинов», Қызылсай т.а. Жібек жолы көшесі. Көмір көлемі — 13.000 тонна.
Осыған орай , Сіздерге аталған мекен — жайларда орналасқан қоймалардан көмір бағасы 1 тоннасына 14.600 — 14.800 теңгеден алуға шақырамыз, делінген әкімдік хабарламасында.