Әбдірахымов Шымкенттегі «Lux Shoes» фабрикасынан аяқкиім сатып алды, деп хабарлайды Adym.kz ақпарат агенттігі ERNUR.KZ сайтына сілтеме жасап.
Бүгін, қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов таза былғарыдан аяқкиім тігетін «Lux Shoes» ЖШСБК фабрикасының салтанатты ашылуына қатысты. Әрі отандық өнімге қолдау көрсетіп, бір жұп жаңа аяқкиім сатып алды. Аталған жобаға жұмсалған инвестиция көлемі 403 млн. теңгені құрайды. Кәсіпорын жылына 120 мыңнан астам жұп аяқкиім шығаруды көздеп отыр. «Lux Shoes» ЖШСБК өнімдері заман талабына сай итальяндық технология бойынша, түркиялық «FANTES» және «COMELZ» маркалы құрылғыларда тігіледі. Барлық топтамалар сәнді және талғамға сай үлгіде жасалынбақ. Қазіргі таңда, кәсіпорын отандық ритейл тапсырыстарын қабылдап жатыр. Сондай-ақ, дайын өнімді ТМД және Орталық Азия мемлекеттеріне экспортқа жіберу жоспарлануда. Фабрика 60 адамды жұмыс орнымен қамтамасыз етіп отыр.
Шымкенттің әкімі отандық өнімге қолдау көрсетті
Аталған жобаға жұмсалған инвестиция көлемі 403 млн. теңгені құрайды. Кәсіпорын жылына 120 мыңнан астам жұп аяқкиім шығаруды көздеп отыр. «Lux Shoes» ЖШСБК өнімдері заман талабына сай итальяндық технология бойынша, түркиялық «FANTES» және «COMELZ» маркалы құрылғыларда тігіледі.