Шымкентте «7-20-25» бағдарламасы туралы фронт-офистен білуге болады

«7-20-25» бағдарламасы туралы Шымкент қаласы әкімдігінің халықтық кеңсесінде (фронт-офис) ашылған, еліміздегі алғашқы анықтамалық орталықтан білуге болады, деп хабарлайды Adym.kz әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бағдарлама жөнінде және қаламыздағы жеке қаражаты есебінен салынған сатылуға дайын тұрған үйлер туралы мәлімет береді. Орталықта банк өкілдерімен катар, құрылыс компанияларының өкілдері де қызмет көрсетуде.
Елбасының тапсырмаларына сәйкес несие бойынша сыйақы мөлшерлемесі жылына 7 пайыздан аспайды, бастапқы жарна 20 пайыздандан аспайды, несие мерзімі 25 жылға дейін.
«Бұл азаматтарды қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз етуге зор серпін береді. Бұдан өзге, барлық құрылыс саласында жаңа серпін болмақ. «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында тұрғын үй құрылысындағы қазақстандық қамту 84% құрады. Мемлекет басшысының жаңа бастамалары бұл көрсеткішті одан әрі арттыруға мүмкіндік береді, барлық салаға зор серпін береді», — деді тілшілердің сұрақтарына жауап берген Жеңіс Қасымбек.
Жаңа ипотекалық несиелендіру бағдарламасына байланысты дүрлігуге қатысты қауіптенуге келер болсақ, министрдің айтуынша, олай болмайды.