Adym.kz: «Биыл 1,2,3,5,6,7,8 сыныптың оқушылары 100 пайыз оқулықпен қамтамасыз етіледі», дейді қалалық білім басқармасының басшысы Ақерке Абылайхан.
Оларды кітаппен қамтуға кітап қоры жеткілікті. Егер мектепте кітап жетіспеушілігіне қатысты қандай да бір шағым болса білім басқармасына хабарласуыңызға болады. Мектеп формасына келер болсақ, арнайы бекітілген үлгі жоқ. Ақ көйлек, қара шалбар, етек болса болды. Осыған орай, әр мектептің өзінің ішкі тәртібі бар. Олар соған сәйкес, киім үлгісін талап етеді.
Айта кетейік, 2018-2019 оқу жылында жаңартылған мазмұндағы оқулықтармен 3, 6, 8 сыныптар оқиды. Бұған дейін, 2016–2017 оқу жылында жаңартылған мазмұнға 1 сыныптар, 2017–2018 оқу жылында — 2, 5, 7 сыныптар көшкен болатын.
Сондай-ақ, Білім және ғылым вице-министрі Асxат Аймағамбетовтың айтуынша, мұғалімдердің жүктемесін одан артық көтеруге болмайды. Мектеп басшылығы артық жұмыс берсе, арыз түсіруге болады. «Білімді бақылау департаментіне xабарласуға болады. Ондай департаменттер барлық облыстарда бар. Арыз түссе, тиісті шаралар қолға алынад», — деп атап көрсетті.
Дереккөз: otyrar.kz