Шымкентті басқаруға 150-ден астам айти компания қатысады

Ондағы негізгі мақсат - «ақылды» қала тұжырымдамасы негізінде Шымкент қаласының басқару мен дамыту жүйесін түбегейлі қайта құру. Осы мақсатқа жетудің алғашқы кезеңі 10 мыңнан астам азамат қатысқан жаппай сауалнама болды.

«Отандық және шетелдік 150-ден астам IT-компания өкілдері Шымкент қаласын басқаруда үздік сандық технологияларды енгізуге көмектеседі», деп хабарлайды Adym.kz ақпарат агенттігі Шымкент қаласы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Шымкентте «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында алғаш рет цифрландыру күні өтті.
Ондағы негізгі мақсат — «ақылды» қала тұжырымдамасы негізінде Шымкент қаласының басқару мен дамыту жүйесін түбегейлі қайта құру. Осы мақсатқа жетудің алғашқы кезеңі 10 мыңнан астам азамат қатысқан жаппай сауалнама болды.
Осы мақсатта «Зерде» АҚ-мен бірлесе отырып, «Shymkent Digital Day» шарасы қолға алынды.
«Shymkent Digital Day» шарасына қатысушы 150-ден астам отандық және шетелдік ІТ-компания өкілдері осы тапсырмалар аясын зерттеп, екі апта уақыт мерзімінде оларды қазіргі заманғы цифрлық технологияларды ескере отырып шешу жолдарын дамытатын болады. Олар өз жобаларын комиссияға тапсырады, оның ең үздіктері қалалық басқару жүйесінде жүзеге асырылмақ.