Осы орайда, Заңмен белгіленген декларацияны тапсыру барысында техникалық қателіктер орын алып, жіберілген қателіктер бойынша 50 млн. теңгеге айыппұл салыну қаупі болған.
Алайда, аталған мәселе Агенттіктің Шымкент қалалық Департаментінің араласуымен жедел түрде шешімін тауып, жоғарыда көрсетілген қаражат компанияның бюджетінде сақталған. Анығырақ айтқанда, «Бал Текстиль» компаниясы кілем жəне кілем өнімдерін өндірумен айналысатын ЖШС-і «Оңтүстік» Арнайы Экономикалық Аумағында тіркелген ірі кəсіпорын болып табылады. Компания өнімдерін шығару үшін шетелден шикізат өнімдерін алдырады.
Анығырақ айтқанда, «Бал Текстиль» компаниясы кілем жəне кілем өнімдерін өндірумен айналысатын ЖШС-і «Оңтүстік» Арнайы Экономикалық Аумағында тіркелген ірі кəсіпорын болып табылады. Компания өнімдерін шығару үшін шетелден шикізат өнімдерін алдырады.
Брифинг барысында Департамент басшысы қаладағы инвесторлармен кері байланысты орнату маңыздылығын көтеріп, БАҚ өкілдерінен Департамент тарапынан «WhatsApp» (8-702-201-51-51), 51-51-51 сенім телефондары мен memkyzmet.kz сайтында ашылған «Инвесторларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте сүйемелдеу» айдары, сондай-ақ, facebook.com әлеуметтік желідегі Департаменттің арнайы парақшасы(Департамент по делам госслужбы и противодействию корруции по г.Шымкент)жұмыс жасайтындығы жөнінде кеңінен хабардар етуді сұрады.