Шымкент қаласында инвесторлардың құқығы қорғалады

«Шымкентте бизнесті қорғау, қолайлы инвестициялық жағдай жасау және кәсіпкерлер үшін сыбайлас жемқорлық деректері бойынша қысымдарды төмендету мәселесі талқыланды», деп хабарлайды Adym.kz ақпарат агенттігінің тілшісі.
ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы Ә.Көмекбаев айтуынша Агенттік бастамасымен іске асырылып жатқан «Инвесторларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте сүйемелдеу» жобасының мақсаты — қолайлы инвестициялық ахуал қалыптастырып, мемлекеттік билік институттарына бизнес пен инвесторлардың сенімін нығайту болып табылады.
Осы жоба аясында «KAZAKH INVEST»-пен бірлесіп, барлық қолжетімді ресурстарды пайдалана отырып, бизнестік қауымдастық пен инвесторларды олардың қызметіне заңсыз араласудан қорғау үшін барлық мүмкіндікті жасайтындығын жеткізді.
«Инвесторларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте сүйемелдеу» жобасы аясында Департамент пен «Бал текстиль» компаниясы арасында келісімге қол қойылған.  Аталған келісім аясында  50 млн. теңге құрайтын айыппұлдың алдын алынды.
Анығырақ айтқанда, «Бал Текстиль» компаниясы кілем жəне кілем өнімдерін өндірумен айналысатын ЖШС-і «Оңтүстік» Арнайы Экономикалық Аумағында тіркелген ірі кəсіпорын болып табылады. Компания өнімдерін шығару үшін шетелден шикізат өнімдерін алдырады.